ТЕХНОАКУСТИК тас мақта
Тақталар азаматтық және өнеркәсіптік құрылыста келесі мақсатта қолдануға арналған:
- жүктелмейтін жылу, дыбыс оқшаулағыш қабат ретінде: жеңіл жабындар, арақабырғалар, едендер, техникалық еденасты жабындары, мансарда үй-жайлары, шатыр жабындары;
- аспалы төбенің конструкциясындағы дыбыс оқшаулағыш қабат ретінде.
Геометриялық өлшемдері
Ұзындығы, мм | 1200 (1000)* |
ені, мм | 600 |
қалыңдығы, мм | 50;75;100 |
қалыңдық бойынша класы | Т4 |
*Қажетті өлшемдегі материалдың партиясын өндіру мүмкіндігін нақтылаңыз
ТЕХНОНИКОЛЬ компаниясы әзірлеген ТЕХНОАКУСТИК тас мақтасынан жасалған тақталардың маңызды бір функциясы бар: үй-жайлардағы ауадан таралатын шуыл деңгейін азайту.
Бұл материалды бөлме аралық қалқаларды, аспалы төбелерді және жабындарды, еден астының үстіндегі жабынын, шатырларды, мансардаларды және едендерді ыңғайластырғанда пайдаланады.
ТЕХНОАКУСТИК тақталары базальт талшықтарының көпқабатты, ретсіз орналасуының арқасында ғимарат ішіндегі дыбыстарды тиімді түрде жұтады. Сондай-ақ акустикалық оқшаулау ауадан таралатын шуыл деңгейін 5 есеге төмендетеді!
ТЕХНОАКУСТИК тақталарын бөлмеаралық қабырғаларды/қалқаларды, төбені және лагтар бойынша едендерді дыбыстан оқшаулау үшін қолдана отырып, тіпті адамдар тығыз орналасқан пәтерде не үйде жайлы өмір сүру деңгейін айтарлықтай арттыруға болады. Қабырғаның ар жағындағы баланың жылауы, иттің үруі, қосулы теледидар, көтеріңкі дауыстағы әңгімелер, жұмыс істеп жатқан тұрмыстық техника дыбысы енді тыныштықты қалайтын көршілеріңіздің титығына тимейтін болады.
Қазақстанда әдетте үйлерді тастан және кірпіштен салады және олардың басым бөлігіне шуылдан оқшаулау мақсатында тас мақтаны қолдану керек.
50 және 100 мм екі базалық қалыңдықтағы нұсқасының және акустикалық тақта үшін оңтайлы тығыздығының арқасында ТЕХНОАКУСТИК ұзақ уақыт пайдалану барысында өз сипаттамаларын өзгертпейді, шөкпейді.
Құрамының және өндіру технологиясының ерекшеліктері осы дыбыс оқшаулаудың үй тұрғындары мен олардың үй жануарларына қауіпсіз болуға мүмкіндік береді, сондай-ақ кеміргіштердің, жәндіктердің және зең саңырауқұлағының әсеріне төзімділігін арттырады.
Осы заманауи, экологиялық, жанбайтын, дыбыстан жақсылап оқшаулайтын материал бүгін де Қазақстандағы біздің сауда өкілдеріміздің сатылымында қолжетімді.
ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтасына сыртқы жүктемелер әсер еткен жағдайда ол өзінің геометриялық өлшемдері мен пішінін сақтайды.
Каменная вата ТЕХНОАКУСТИК обладает высокими коэффициентами звукопоглощения в широком диапазоне частот, что способствует снижению уровня воздушного шума при применении перегородках, полах, потолках.
* При использовании в системе ТН-СТЕНА Акустик с толщиной плит ТЕХНОАКУСТИК 100 мм
ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтасы адамның және жануарлардың денсаулығы үшін қауіпсіз. Материалдар өндірісі кезінде қоршаған ортаға қамқорлық жасау – ТЕХНОНИКОЛЬ Корпорациясының қызметтегі басымдықтарының және инновацияларды қолдану салаларының бірі.

Ішкі қабырғалардың, пәтер аралық қалқалардың және қосымша дыбыс оқшаулауды талап ететін басқа да конструкциялардың дыбысын оқшаулау бойынша талаптарды қамтамасыз ету үшін қолданылады.

ТН-СТЕНА Акустик БЛОК
- Көтергіш негіз (Тұтас негіз)
- ТЕХНОАКУСТИК тас мақтадан жасалған тақталары
- Көтергіш негіз (Желімді қабат)
- Ішкі қаптауыш (Әдемі әрлеу)
- Бөлгіш қабат (блоктарға арналған перфорациясы бар полимер таспа)
- Тегістегіш қабат

Тас мақтадан жасалған тақталар қолданылатын қабырғаларды/аралық қалқаларды ішкі дыбыстан оқшаулау жүйесі ішкі қабырғалардың, пәтер аралық қалқалардың және қосымша дыбыс оқшаулауды талап ететін өзге де конструкциялардың дыбысты оқшаулау қасиеттерін жақсарту үшін қолданылады.

ТН-СТЕНА Стандарт
- Тұтас негіз
- Бағандық профиль
- ТЕХНОАКУСТИК тас мақтадан жасалған тақталары
- Ішкі қаптауыш (Табақ материалдардан жасалған астар (ГКТ немесе ГТТ, 1 немесе 2 қабат)
- Үй-жайдың әдемі әрлеуі
- Бағыттауыш профиль
- Дыбыс оқшаулағыш (Өзі жабысатын таспа)

Тас мақтадан жасалған тақталар қолданылатын ішкі дыбыс оқшаулағыш аралық қалқалар жүйесі құрғақ, қалыпты немесе ылғал режимдері бар әртүрлі мақсаттағы үй-жайлардың ішкі қоршау конструкцияларында қолданылады.

ТН-СТЕНА Акустик
- ТЕХНОАКУСТИК тас мақтадан жасалған тақталары
- Болат қаңқа
- Ішкі қаптауыш (ГКТ және/немесе ГТТ жасалған астар)
- Ішкі қаптауыш (Әдемі әрлеу)
- Дыбыс оқшаулағыш (Өзі жабысатын таспа)

Темір-бетон тақта негізіндегі ағаш лагтарға орнатылатын еден конструкциясында тас мақтадан жасалған тақталар қолдана отырып қабат аралық жабындардың дыбысын оқшаулау жүйесі тұрғын, қоғамдық және әкімшілік ғимараттар мен құрылыстардың т/б жабынды негіздері бар лагтарға орнатылатын еденнің ауадан және соққыдан таралатын шуылдарын азайтуға арналған.

ТН-ПОЛ Проф Акустик
- Қорғаныш сәндік жабын (Көбіктелген материалдан жасалған астары бар паркет тақтай немесе ламинат)
- Тұтас төсем (ЦЖТ немесе OSB)
- Герметиктеуші элемент (ТЕХНОНИКОЛЬ ПУ Floor герметигі)
- Герметиктеуші элемент (ТЕХНОНИКОЛЬ АЛЬФА КОНТРБРУС өзі жабысатын тығыздауыш таспасы)
- Буоқшаулау (ТЕХНОНИКОЛЬ МАСТЕР БАРЬЕР 4.0 үлдірі)
- Желімді қабат (ТЕХНОНИКОЛЬ 508 PROFESSIONAL желімі)
- ТЕХНОАКУСТИК тас мақтадан жасалған тақталары
- Көтергіш конструкция (Ағаш лагтар)
- Бөлгіш қабат (Техноэласт АКУСТИК СУПЕР)
- Көтергіш конструкция (темірбетон негіз)

Аз қабатты үйлер құрылысында техникалық еден астының үстіндегі арқалықты жабынның жылуын, дыбысын оқшаулау барысында қолданылады.

ТН-ПЕРЕКРЫТИЕ Каркас
- Қорғаныш сәндік жабын (көбіктелген материалдан жасалған астары бар паркет тақтай / ламинат)
- Тұтас төсем (ЦЖТ немесе OSB)
- Тұтас төсем (Бірінші еден (фанера, тақтайлар)
- Герметиктеуші элемент (Техноэласт АКУСТИК СУПЕР)
- Буоқшаулау (ТЕХНОНИКОЛЬ МАСТЕР БАРЬЕР 4.0 үлдірі)
- Желімді қабат (ТЕХНОНИКОЛЬ 508 PROFESSIONAL желімі)
- РОКЛАЙТ тас мақтадан жасалған тақталары
- Көтергіш конструкция (Ағаш арқалықтар)
- Супердиффузиялық үлдір (ТЕХНОНИКОЛЬ АЛЬФА ТОП үлдірі)
- Торлама

Арқалықты жабынның жылуын, дыбысын оқшаулау барысында қолданылады.

ТН-ПЕРЕКРЫТИЕ Каркас Акустик
- Мәрелік еден жабыны (Паркет тақтай немесе ламинат)
- Еденнің мәрелік жабынының астына төселетін астар (Тозды немесе көбіктелген материал)
- Құрама тұтастырғы (ЦЖТ, ГТТ немесе OSB)
- Бу оқшаулағыш қабат (ТЕХНОНИКОЛЬ МАСТЕР БАРЬЕР 4.0 үлдірі)
- ТЕХНОФЛОР СТАНДАРТ тас мақтадан жасалған тақталары
- Тұтас төсем (Бірінші еден (фанера, тақтайлар)
- Бөлгіш қабат (Техноэласт АКУСТИК СУПЕР А350)
- ТЕХНОАКУСТИК тас мақтадан жасалған тақталары
- Ағаш еденарқалықтар
- Супердиффузиялық үлдір (ТЕХНОНИКОЛЬ АЛЬФА ТОП үлдірі)
- Табақ материалдардан жасалған астар (ЦЖТ немесе OSB)

Тас мақтадан жасалған тақталар қолданылатын қабат аралық жабындардың дыбысын оқшаулау жүйесі қабат аралық жабын арқылы өтетін ауадан және соққыдан таралатын шуыл деңгейін төмендету үшін қолданылады.

ТН-ПОТОЛОК Акустик
- Тұтас негіз (Аражабынның тақтасы)
- Бекіту элементі (Анкерлі аспа)
- Төбелік профиль
- Профильдерді қосқыш
- ТЕХНОАКУСТИК тас мақтадан жасалған тақталары
- Табақ материалдардан жасалған астар (ГКТ немесе ГТТ)
- Үй-жайдың әдемі әрлеуі
Көрсеткіштің атауы |
Өлш. бір. |
Өлшемшарт |
Мәні |
Сынақтар тәсілі |
Жылу өткізгіштігі, λ10 |
Вт/м·°K |
ең көбі |
0.035 |
МЕМСТ 7076-99, МЕМСТ 31925-2011 (EN 12667:2001), МЕМСТ 31924-2011 (EN 12939:2000) |
Жылу өткізгіштігі, λD |
Вт/м·°K |
ең көбі |
0.036 |
МЕМСТ 32314-2012 (EN 13162:2008) |
Жылу өткізгіштігі, λА |
Вт/м·°K |
ең көбі |
0.038 |
МЕМСТ 7076-99, СП 23-101-2004 |
Жылу өткізгіштігі, λБ |
Вт/м·°K |
ең көбі |
0,039 |
МЕМСТ 7076-99, СП 23-101-2004 |
10 % деформациямен қысуға беріктігі |
кПа |
ең кемі |
0.5 |
МЕМСТ EN 826-2011 |
Органикалық заттардың мөлшері |
% |
ең көбі |
2.5 |
МЕМСТ 17177-94 |
Ішінара батыру кезінде қысқа уақытқа су сіңіруі |
кг/м2 |
ең көбі |
1 |
МЕМСТ EN 1609-2011 |
Белгіленген ұзақ уақыт ішінде үлгілерді ішінара батыру кезінде суды сіңіруі |
кг/м2 |
ең көбі |
3 |
МЕМСТ EN 12087-2011 |
Жанғыштығы |
дәреже |
- |
НГ |
МЕМСТ 30244-94 |