Еденді жылу оқшаулау: үйді қалай жайлы етуге болады

06.06.2024

Үйде әрқашан жайлы температура болу үшін үй-жайды жылу оқшаулау мәселесіне байсалды қарап, бұл міндетті кешенді түрде шешу керек: қабырғалар мен төбені ғана емес, еденді де жылыту керек. Осы мақаламызда не үшін бұлай істеу керектігі туралы дәйекті аргументтер келтіріп, осы мақсатқа сай келетін материалдар іріктемесімен бөлісеміз.

Еденді жылыту қажет пе? «Неліктен көп пәтерлі үйлерде де, жеке меншік үйлерде де еденді жылыту қажет?» деген сұраққа бізде салмақты 3 аргумент бар.

  • Жылуды жоғалту мөлшерінің қомақты үлесі — 30 %-ға дейін еденге тиесілі. Дәлірек пайызы төменгі қабатта ненің орналасқанына байланысты, мысалы, қара жер ме әлде жылытылатын жертөле ме. Жылу саңылаулардан, әсіресе ағаштан жасалған құрылмалардағы саңылаулардан тез шығып кетеді және бөлмелердің ішінде жел өті пайда болады.
  • Едендердің жылу оқшаулағышы коммуналдық қызметтердің шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Үй-жайдағы еденнің жылуы оқшауланбаса, оны жылыту қиынырақ әрі қымбатырақ болады. Сапалы жылу оқшаулағышқа жұмсалған қаржы уақыт өте келе өтеледі.
  • Жылуұстағыш дыбыс оқшаулағыштың қасиеттеріне ие. Мысалы, тас мақта дыбыс толқындарын тиімді сіңіреді. Бұл жеке меншік үйдің екінші қабатында балалар секіріп не жүгіріп жүрсе де, бірінші қабатта тыныштықты қамтамасыз етуге көмектеседі. Ал көп пәтерлі үйде көршілермен достық қарым-қатынасты сақтауға көмектеседі, себебі сіздің пәтеріңіздегі шу олардың тыныштығын бұзбайды.

Еденді жылыту үшін ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтасын пайдалануға болады. Бұл маркалы материалдар экологиялық қауіпсіз және тұрғындардың денсаулығына зиян келтірмейді. Олар оңай монтаждалуымен, ғимаратқа түсетін жүктемені барынша азайтуға мүмкіндік беретін аз салмағымен, бастысы — жылу шығынынан сенімді қорғанысты қамтамасыз ететін төмен жылу өткізгіштігімен ерекшеленеді. Тас мақтаның минималды қызмет ету мерзімі — 50 жыл, бұл оны ұзаққа төзімді әрі қолайлы таңдау етеді.

Жылуұстағыш ұзақ әрі сөгіссіз қызмет етуі үшін құрылма мен аражабын түріне қарай дұрыс марканы таңдау маңызды.

  • Әдетте, қаңқалы үйлердегі аражабындар ағаш арқалықтардан жасалады, ал жылуұстағыш олардың арасындағы кермеге салынады. Еден жабынымен бірге арқалықтар негізгі жүктемені өзіне алады, сондықтан адамдар мен жиһаздың салмағы жылу оқшаулағышқа әсер етпейді. Сол себепті мұндай құрылмалар үшін тас мақтаның жеңіл маркалары қолайлы.
  • Көп пәтерлі үйлерде аражабындар ретінде темір-бетон тақталар қолданылады. Олардың үстінен арқалықтар төселсе, жылуұстағыш тақталары тегістейтін цемент тұтастырғыға монтаждалады. Бұл жағдайда тас мақтаның қысуға беріктігі жоғары тығыз маркаларын таңдаған жөн, себебі негізгі жүктеме жылуұстағышқа түседі — оның зақымдалмауы және өз қасиеттерін жоғалтпауы маңызды.

Әртүрлі құрылмаларға арналған тас мақта маркалары

Құрылманың ерекшеліктеріне қарай еденді жылыту үшін қолайлы болатын материалдар топтамасымен бөлісеміз.

  • РОКЛАЙТ. Тас мақтаның жеңіл маркасы, 10 % деформация кезінде оның қысуға беріктігі — 0,5 кПа, ал тығыздығы 35 кг/м³ тең. Жүктелмеген жылу оқшаулағыш қабатты, соның ішінде еденарқалықтар бойынша еденді жылытуға жарамды.
  • ТЕХНОФЛОР СТАНДАРТ. 10 % деформация кезінде қысуға беріктігі 30 кПа болатын, тығыздығы 110 кг/м³ тас мақта. Орташа жүктемелерге төзеді және қалқымалы еденді жылыту үшін қолданылады. Дыбыс оқшаулау үшін дұрыс шешім: Соққы шуының деңгейін 2 есе төмендетеді!
  • ТЕХНОАКУСТИК. Тығыздығы 41 кг/м³ жылуұстағыштың жеңіл маркасының 10 % деформация кезіндегі қысуға беріктігі — 0,5 кПа. Шудан жақсы қорғанышты қамтамасыз ету қажет болса, еденарқалықтар бойынша еденді жылыту үшін қолданылады. ТЕХНОАКУСТИК тас мақтасы кең жиіліктер диапазонында дыбыс сіңірудің жоғары коэффициенттеріне ие, бұл ауа шуы деңгейінің 5 есе азаюына себептеседі.

Еденнің жылу оқшаулағышы үйдегі жайлылық деңгейін арттырып, онда жылуды, тыныштықты және бейбіт көршілестікті қамтамасыз етеді. Бастысы — жылуұстағышты таңдауға жауапкершілікпен қарау және жоғарыда аталған кеңестерге сүйену.

Егер сіз жылу оқшаулау үшін дайын шешімдер іздеп жүрсеңіз, құрылманың барлық қажетті элементін қамтитын, ТЕХНОНИКОЛЬ ұсынған шешімдерге назар аударыңыз. Ағаш негізі бар еденарқалықтар бойынша еден үшін ТН-ПЕРЕКРЫТИЕ Каркас жүйесі қолайлы болады. Қалқымалы еденді жылыту үшін ТН-ПОЛ Проф жүйесін қолдануға болады.