Энергия тиімді үйге арналған дұрыс жылу оқшаулау
Мақалада келесі сұрақтарға жауап табасыз:
РОКЛАЙТ тас мақтасы деген не
РОКЛАЙТ тас мақтасы - бұл ТЕХНОНИКОЛЬ компаниясының арнайы жеке үй құрылысы үшін базальт жыныстары негізінде әзірлеген тас мақтадан жасалған тақталары. Материал жоғары жылу оқшаулау қасиеттерін, қолдану әмбебаптығын және монтаждау оңайлығын ұштастырады.
Құрылыс сарапшыларының мәліметінше, жеке үйлердегі жылу жоғалтудың шамамен 60%-ы қоршау конструкциялары - қабырғалар, шатыр және шатыр асты арқылы болады. Жылу оқшаулағышты таңдаудағы кішігірім қателіктердің өзі энергияның айтарлықтай шығындалуына және жылыту шығындарының артуына әкеп соғады.
Жеке үй құрылысы саласында әмбебап РОКЛАЙТ материалы жылу жоғалтумен және шумен күресудің тиімді құралы ретінде өзін танытты. Ол бөлмеаралық қалқаларды тұрғызуда, сондай-ақ техникалық жертөлелердегі, шатыр асты мен мансардалардағы қабаттаралық жабындарды жабдықтауда сәтті қолданылады. Сонымен қатар, ол еңіс шатырлардың арқалық асты және арқалық аралық кеңістігін оқшаулау үшін таптырмас шешім болып табылады.
Материал лагтар мен каркас тіреулерінің арасына саңылаусыз ыңғайлы төселіп, «суық өтетін өткелдерді» болдырмайды.
Тас мақтасын қолдану: Алматы облысындағы үй
Қапшағай кентінде Жүнісовтер отбасы ауданы 210 м² болатын жаңа үйін РОКЛАЙТ тас мақтасымен жылытты. Алғашқы жылыту маусымынан кейінгі нәтижелер:
- газ шығыны 27%-ға азайды
- сыртта -15 °C болғанда, үй ішіндегі температура +23 °C деңгейінде тұрақты сақталады
- ылғалдылық қалыпты — қабырғалар мен терезелерде конденсат жоқ
Мұндай нәтижелер тас мақтасының төмен жылу өткізгіштігімен және «тыныс алу» қабілетімен түсіндіріледі — материал буды сыртқа шығарады, бірақ ылғалды ішке өткізбейді.
*Фотосуретте SHINGLAS шатыр материалдары көрсетілген
Үйдің қай бөлігі жылытылатынына байланысты төсеу процесі әртүрлі болуы мүмкін, алайда барлық конструкциялар үшін мына қағида ортақ: монтаждау арнайы дайындықты талап етпейді, бірақ технологияны сақтау өте маңызды. РОКЛАЙТ материалын монтаждау бойынша толығырақ нұсқаулықтар мен ұсыныстарды мына жерден таба аласыз.
📌 ТЕХНОНИКОЛЬДІҢ барлық клиенті компанияның сарапшыларынан тегін кәсіби кеңес ала алады. ТЕХНОНИКОЛЬ материалдарын сатып
алу және қолдану мәселелері бойынша кеңес алу үшін келесі сенім телефонына хабарласуға болады: 8 800 100 05 65
Оқыту вебинарлары
Оқыту вебинарлары