Қазақстан тұрғындарының көбісі өз үйін салуды таңдап жатыр. Мұнда көптеген сұрақтар туындайды: қандай материалдан салу керек, жылу оқшаулау ретінде нені пайдалану керек және шатыр бөлмесін немесе мансарданы жылыту керек пе, жоқ па?
Мектепте физика сабақтарында бізге жылы ауаның жоғары көтеріліп, суық ауаның төмен түсетіні айтылған. Бұл білімді өз үйіңізді салуға қолдансаңыз, шатырдың немесе мансарданың жылу оқшаулауынсыз ештеңе шықпайтыны түсінікті болады. Әйтпесе жылудың шамамен 30 % жаппа арқылы шығып кетіп, өз шаршы метрлеріңіздің орнына даланы жылытатын боласыз.
Сапалы жылу оқшаулау пайдасына тағы бір дәлел — ол дыбыстарды сіңіре алады. Демек, үй шатырына тиген жауынның немесе бұршақтың шуы тітіркендірмейтін болады.
Жылытылған жаппа кейде мансарданы ауасыз қалдыратындай етіп, үй-жайды қатты қыздыратын күн сәулесіне де кедергі болады. Ол үйіңізді әдетте температураның ауытқуы салдарынан шатырдың ішкі бетінде түзілетін конденсаттан қорғайды.
Үйді жылытудан, сондай-ақ кондициялаудан үнемдеу оңай — сізге ТЕХНОНИКОЛЬ компаниясы ұсынатын жылыту жүйелері көмектеседі. Дайын шешімдер: ТН-ШИНГЛАС Мансарда және ТН-ПЕРЕКРЫТИЕ Каркас Чердак ТЕХНОНИКОЛЬ компаниясының сайтында ұсынылған, онда олардың толық құрамы мен монтаждау жөніндегі нұсқауларды да табасыз.
Жүйелердің негізгі элементі тас мақтадан жасалған РОКЛАЙТ тақталары болып келеді. РОКЛАЙТ жылу оқшаулағышының маңызды артықшылығы — өнімнің жоғары экологиялық тазалығы, себебі ол толығымен дерлік табиғи материалдардан жасалады. Өндіріс кезінде габбро-базальт тобының тау жыныстары қолданылады.
Материалдың талшықты құрылымы су буларының жылу оқшаулағыш тақталарда жиналмай, сыртқа кедергісіз шығарылуын қамтамасыз етеді. Өнімнің тығыздығы төмен болғандықтан, іргетасқа көп жүктеме түспейді.
Тас мақтадан жасалған РОКЛАЙТ тақталары жанбайды, балқымайды, отты қуаттамайды. Олар кеміргіштер мен жәндіктерді қызықтырмайды, көгермейді және оларды зең баспайды. РОКЛАЙТ тас мақтасы сыртқы жүктемелерге төзімді, пішінін жақсы сақтайды, ал оның құрылмада қызмет ету мерзімі — кемінде 50 жыл.
Отбасыңыздың болашақ берекесін қамтамасыз етіңіз — үйіңізді салған кезде, ТЕХНОНИКОЛЬ компаниясының жүйелері мен материалдарын қолданыңыз. Себебі отбасы бізді біріктіреді және жақындарымыздың арасында күн сайын сезетін жылуға ештеңе тең келмейді.
Сілтеме арқылы өтіп, өз қалаңызда тас мақтадан жасалған ТЕХНОНИКОЛЬ жылу, дыбыс оқшаулағышын сатып алуға болатын жерлерді білесіз.