Саяжайды жылытқыш материалмен қаптау немесе отбасыңызға үй салу туралы шешім қабылдадыңыз ба? Онда сізге жоғары сапалы жылу оқшаулағыш қажет. Ол ауа жылыту мен баптауға қаржы жұмсамауға мүмкіндік беретін, көптеген жылдар бойы қызмет ететін, экологиялық тұрғыдан таза, артық ақша төлеуді қажет етпейтін материал болғаны жөн. Мұның бәрі – ТЕХНОНИКОЛЬ компаниясының ТЕХНОБЛОК СТАНДАРТ тас мақтасының артықшылықтары.
Қаңқалы үй не үшін жылытқыш материалмен қапталады?
Ресейдің батыстан шығысқа қарай ұзындығы 9 мың шақырымнан асады. Ел аумағының айтарлықтай бөлігі қоңыржай белдеуде орналасқан. Қыста Қиыр Шығыста, мысалы, Оймяконда, ауа температурасы минус 67 градусқа дейін жетуі мүмкін. Мұндай жағдайда қаңқалы үйді жылыту керек. Егер сіз өз үйіңізді, айталық, ағаш бөренеден салу немесе әжеңізден мұраға қалған саяжайды жылыту туралы шешім қабылдасаңыз, сізге жоғары сапалы жылу оқшаулағыш материалдар қажет болады. Қаңқалы конструкцияны таңдаудың негізгі себебі оны жылдың кез келген уақытында салуға болады, үйді салу жылдамдығы кірпіштен немесе бетоннан жасалған ғимараттарға қарағанда бірнеше есе жылдам. Демек, өз баспанаңызға ие болып, қалағаныңызша өмір сүру арманына тезірек жетесіз. Материалдардың құны да әлдеқайда қолжетімді.
ТЕХНОБЛОК СТАНДАРТ жанбайтын тақталары базальттан жасалады. Тау жыныстары ұнтақталып, балқытылады, сұйық балқымадан талшық түзіледі. Ол 1000 градус температураға шыдайды, жанудың жалғасуына септігін тигізбейді және түтін шығармайды. Мұндай материалмен жылытылған үйде тұру өзіңіз және отбасыңыз үшін қауіпсіз болады.

ТЕХНОБЛОК СТАНДАРТ тас мақтасы жылу ұстау қасиетінің де жақсы екенін көрсетті. Қалыңдығы 15-20 см мақта қабаты қалыңдығы 100 см кірпішті алмастыра алады. Демек, қаңқа мен тас мақтаны қолдану арқылы сіз құрылыс материалына ғана емес, ауа жылыту мен баптау жүйесіне де жұмсалатын қаржыны үнемдейсіз. Базальттан жасалған жылу оқшаулағыш тақталар үйдегі микроклиматтың жайлы болуын қамтамасыз етеді: ауа біркелкі жылытылады, ауа қабаттары табиғи түрде желдетіледі. Сонымен қатар бұл материалдың жылу өткізгіштігі төмен болғандықтан, қаңқалы үй қыста ұзақ уақыт жылытылмаса да, оны бірнеше сағаттың ішінде жылытуға болады. ТЕХНОБЛОК СТАНДАРТ тас мақтасымен оқшауланған қабырғалар жазда бөлмелердің салқын, ал қыста жылы болуын қамтамасыз етеді.
Базальт талшығына негізделген жылу оқшаулағышты қолданып, сіз болашағыңызды да ойлайсыз: біріншіден, өндіруші материалдарға кем дегенде 50 жыл кепілдік береді. Екіншіден, қыста және жазда температураның айырмашылығы ондаған градусқа жететіндіктен, қабырғалар «қозғалады», бұл беттердің деформациясын тудырып, жарықтар пайда болады. ТЕХНОБЛОК СТАНДАРТ салмақ түсетін қоршау конструкцияларын температураның өзгеруінен қорғап, үйіңіздің пайдалану мерзімін ұзартады.
Тас мақтадан жасалған тақталар арнайы гидрофобты құраммен өңделеді. Егер ТЕХНОБЛОК СТАНДАРТ-ты жаңбыр жауып тұрғанда орнату керек болса, бұл бәсекелестік артықшылық сізге өз пайдасын тигізеді. Тақталарға тиген су сіңбейді, бірақ жеке тамшылар түрінде жиналып, ағып кетеді. Тағы бір жағымды қасиеті – мұндай жылу оқшаулағыш дымқылдық пен зеңнің пайда болуымен байланысты құбылыстардың алдын алуға көмектеседі. Көптеген адамға қабырғалардағы саңырауқұлақтар үлкен мәселеге айналады, ол айтарлықтай қаржы жұмсалып жөнделген үйді бұзып, аллергия тудырады. Мұндай мәселелердің алдын алу үшін қаңқалы үйдің құрылысын сапалы оқшаулағышты таңдаудан бастау керек. Мысалы, ТЕХНОНИКОЛЬ ұсынатын ТЕХНОБЛОК СТАНДАРТ тас мақтасы.
Материал және ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтасынан жасалған дұрыс жылы оқшаулағышты қайдан сатып алуға болатындығы туралы көбірек білу үшін біздің ресми сайтымызға өтіңіз.