Шу өмірімізге қалай әсер етеді және онымен қалай күресу керек?

23.08.2024

Кейде бөгде дыбыстардан өз пәтеріңізде де құтылу мүмкін емес. Көршілердің сөйлесуі, көрші пәтердегі немесе сырттағы құрылыстың гүрсілі жайлылығымызды бұзады. Ал ұзақ уақыт ықпал етсе, денсаулығымызға жағымсыз әсерін тигізеді. Шудың ағзаға тигізетін әсерінің салдары және онымен күресу жолдары туралы ақпаратты біздің мақаламыздан оқыңыз.

Акустикалық жайлылық — өміріміздің маңызды құрамдас бөлігі. Алайда оны үй-жайға сырттан енетін бөгде дыбыстар жиі бұзып жібереді.

Шу бізге теледидар көруге, музыкадан ләззат алуға, оқуға немесе жұмыс істеуге кедергі келтіреді. Бірақ бұл ең қауіптісі емес. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша оның әсері жинақтамалы және биохимиялық деңгейде байқалады. Оның ағзамыздың әртүрлі жүйелеріне қалай әсер ететінін қарастырайық.

Қала шуы орталық жүйке жүйесіне агрессивті ықпал етеді. Биохимиялық талдаулардың көрсетуінше, қаттылығы 65-90 дБ дыбыстар ұзақ уақыт ықпал етсе, қандағы кортизолдың, адреналин мен норадреналиннің — күйзеліс гормондары ретінде белгілі нейромедиаторлардың деңгейі көтеріледі. Олар артық кернеу тудырып, үрейлілік пен күйгелектікті арттырады, сондай-ақ жабырқаңқы жай-күйге себептеседі.

Оған қоса, шу фоны 15-20 %-ға жоғарылаған кезде, ми белсенділігі, зейін және жұмысқа қабілеттілік төмендейді, ал шаршағандық артады.

Егер шу деңгейі 50 дБ-дан жоғары үй-жайда ұзақ уақыт болсаңыз, тері мен шырышты қабықтан өтетін капиллярлар тарыла бастайды. Соның салдарынан қан айналымы нашарлап, жүрек-қантамыр аурулары дамиды және жүректің ишемиялық ауруының қаупі артады. 85 дБ-дан қатты дыбыстар қан қысымын көтереді және гипертония ауруларын өршітеді.

Шудың ұзақ әсерінің асқазан-ішек жолында да салдары болады. Ол асқазанда қышқылдықтың өзгеруіне әкеледі, қышқылдық-сілтілік тепе-теңдікті бұзады және ойық жара ауруының пайда болуына себептеседі.

Бөгде дыбыстардың бізге түнгі уақытта қалай әсер ететіні жайлы бөлек әңгімелесейік. Бұл кезеңде біздің жүйке жүйеміз өте сезімтал, сондықтан 40-44 дБ шегіндегі шу созылмалы ұйқысыздыққа әкелуі мүмкін. Ал қаттылығы 34-38 дБ құрайтын сыбыр таңертең ашушаңдықтың себебі болады.

Шулы бөлмеде ұйықтасаңыз, таңертең жиілеген тамыр соғысы мен бас ауруы мазалауы мүмкін. Мұндай жағдайларда жүйке жүйесі қалпына келудің орнына қосымша артық жүктемеге ұшырайды, сондықтан оянғаннан кейін шаршағандық сезіледі.

Пәтердегі шу деңгейін төмендету, оның ағзаға тигізетін әсерін азайту және терең ұйқы мен толыққанды демалысты қамтамасыз ету үшін үйіңіздің дыбыс оқшаулауын жасауға кеңес береміз.

Пәтердегі бөгде дыбыстарды барынша азайту үшін тиімді дыбыс оқшаулауға арналған ТЕХНОАКУСТИК тас мақтасын қолдануға болады. Материал арақабырғалардың, еденнің, мансарда үй-жайларының, шатыр аражабындарының және аспалы төбелердің дыбысын оқшаулау үшін қолайлы. Минерал-мақта талшығынан жасалған тақталар ауа шуынан тиімді қорғайды, оңай монтаждалады, шөкпейді және денсаулығыңызды сақтай отырып, ұзақ жылдар қызмет етеді. ТЕХНОНИКОЛЬ корпорациясы өміріңіздің жайлылығына қамқорлық танытып, дыбыс оқшаулауға арналған дайын шешімдерді әзірлеп қойды. Біздің сайтымызда 4 қарапайым қадам арқылы үйіңізге немесе пәтеріңізге оңтайлы болатын дыбыс оқшаулағыш нұсқасын таңдай аласыз. Бөгде шусыз жаңа өмір бастау үшін сілтеме арқылы өтіңіз!

Қорытынды

Тіпті елеусіз шу ағзамызға жағымсыз әсер етеді. Күнделікті өмірде біз мұны байқамаймыз, бірақ уақыт өте келе салдарына тап боламыз. Өзіңізді денсаулықтағы қиындықтардан қорғап, үй-жайлардың дыбысын оқшаулау арқылы өмір сапасын арттырыңыз.