Балконнан кабинетті қалай жасауға болады?

11.05.2023

Егер балконды немесе лоджияны дұрыс жылытсаңыз, олар жылдың кез келген мезгілінде ыңғайлы болады.

Маңыздыдан бастайық: жылы бөлмені (қонақ бөлмесі, асүй) суық үй-жаймен (лоджия, балкон) көтергіш қабырғаны бөлшектеу арқылы өз бетінше біріктіруге бірқатар себептер бойынша заңмен тыйым салынған, олардың бастысы — мұндай шешім көп қабатты ғимараттың жалпы жылу тізбегін бұзады. Тұрғын және сыртқы кеңістік арасындағы тосқауылды алып тастағанда, сіз даланы жылытуды бастауыңыз мүмкін, өйткені орталық жылыту батареялары қосымша суық аймақтарды жылытуға арналмаған. Қажет болған кезде келісілмеген «жақсарту» жасалған пәтерді сату да қиын болады. ТТБ мұндай өз бетінше қайта құруға келісім бермейді: бұзушыға айыппұл салынады, содан кейін бұзылған қабырғаны қалпына келтіруге тура келеді.

Дегенмен пайдалы ауданды арбалар, велосипедтер немесе бір күні саяжайға апарылатын заттар қоймасы ретінде қолдану арқылы жоғалту да өкінішті.

«Жартылай далада қалған» кеңістікті жайлы демалыс аймағына немесе оқушылар сабақ қарай алатын, ал ересектер компьютерде жұмыс істей алатын жұмыс бөлмесіне айналдыру ұтымды.

Ішінен жылуды оқшаулаймыз

Қауіпсіздік мақсатында балкондағы жылуды сыртынан оқшаулау мүмкін болмағандықтан, оны ішінен жасауға тура келеді.

Ол үшін балконда жыл бойы өмір сүруге ыңғайлы температура сақталуы үшін жабық жылу тізбегін жасау (еденді, қабырғаларды және төбені бір уақытта жылыту) керек.

Төбені, қабырғаларды және еденді немен жылыту керек? Мүмкін болатын шешімдердің бірі тас мақта тақталарын қолдану болады. Мысалы, ТЕХНОНИКОЛЬ компаниясы шығарған РОКЛАЙТ минералды мақта тақтасының жылу өткізгіштігінің көрсеткіші λ10 - 0.036 Вт/м·К тең, яғни ол кездейсоқ өрілген жұқа габбро-базальт талшықтарының құрылымына байланысты бөлмедегі жылы ауаны жақсы ұстайды.

Тас мақтадан жасалған жылуұстағыштың өте маңызды артықшылығы – оның өрт қауіпсіздігі: жанғыштық класы ЖМ (жанбайтын). Сонымен бірге материал гидрофобты қоспалардың арқасында ылғалды тигізбейді. Бұған қоса, РОКЛАЙТ тақталарын орнату оңай және олар шу деңгейін төмендетеді. Олар экологиялық таза және берік: жарамдылық мерзімі – кемінде 50 жыл.

ТЕХНОНИКОЛЬДЕ балкондар мен лоджияларды жылытуға арналған дайын шешім бар: тас мақта тақталары қолданылатын ТН-СТЕНА Балкон қос қаңқадағы ішкі жылу оқшаулағыш жүйесі.

Жұмыстар барысы

Жұмысты бастамас бұрын, барлық тас беттерді гидрофобталған қосылыстармен өңдеу ұсынылады. Құрылыс деңгейлегішінің көмегімен 600 мм қадаммен осьтер белгіленеді. Белгілерге сәйкес 50×50 мм ағаштан жасалған жақтау орнатылады. Жақтау тіректері арасындағы ұсынылатын қашықтық – 580–590 мм.

Жақтау тіректері арасындағы кеңістік қосымша бекітусіз қалыңдығы 50 мм РОКЛАЙТ тақталарымен толтырылады. Жылуұстағышты екі қабатпен монтаждаған дұрыс. Бұл үшін жылуұстағыштың бірінші қабаты бірінші торламаға перпендикулярлы түрде білеуден жасалған екіші қаңқаға бекітіледі, ол да РОКЛАЙТ тақталарымен толтырылады. Осылайша, тас мақтадан жасалған жылуұстағыштың жалпы қалыңдығы 100 мм болады.

Содан кейін ТЕХНОНИКОЛЬ АЛЬФА БАРЬЕР 4.0 үлдірі бекітіледі. Үлдірдің барлық түйіскен жерлерін бір-біріне желімдеу және үлдірдің қоршау құрылымдарына жанасуын қамтамасыз ету өте маңызды. Бұл операция үшін арнайы материал – бутил-каучук жалғағыш таспа қолданылады.

Үлдір қосымша контртақтайшалармен басылады, олардың үстінен бөлменің ішкі әрлемесі орындалады. Бу оқшаулағыш пен ішкі әрлеме арасында пайда болған алшақтық бу оқшаулағыш қабатын бұзбай-ақ коммуникацияларды (электрика, жылыту, сумен жабдықтау) жүргізу үшін қажет.

Жылытылған балконның қабырғаларын оймыш тақтаймен, сәндік панельдермен, гипс-қатырма табақтарымен әрлеуге болады.

Еденді жылыту үшін салмақ түсетін негізге 50х100 мм қимасы бар ағаш еденарқалықтар бекітіледі. Олардың арасындағы кермеге — қалыңдығы 100 мм РОКЛАЙТ тас мақтасы, үстінен бу оқшаулағыш үлдір салынады.

Еден мен қабырғалардың бу оқшаулағышының тігістері арнайы таспамен жабыстырылады. Содан кейін еден екі қабат тақта немесе фанерадан жасалған қаралтым төсеммен жабылады. Еденнің фиништік әрлемесі ретінде түптөсемі бар ламинатты, паркет тақтасын немесе линолеумды қолдануға болады.

Сипатталған технологияны сақтай отырып, сіз пайдалы тұрғын үй ауданын қосып қана қоймай, сонымен қатар пәтердің ішкі кеңістігін көше шуынан қорғайтын және қыс пен жазда үйде қолайлы температураны сақтауға көмектесетін буферлік аймақты аласыз.

Материалдар шығынын есептеуге teplo.tn.ru сайтындағы калькуляторымыз көмектеседі

Монтаждау жөніндегі толық нұсқаулықты мына жерден қараңыз: