Бұған бей-жай қарауға болмайды! Жылытқыштың жылу өткізгіштік коэффициенті
Мақалада келесі сұрақтарға жауап табасыз:
- Шу біздің өмірімізге қалай әсер етеді?
- Қандай жылу өткізгіштік дұрыс?
- Жылу өткізгіштік материалдың басқа қасиеттеріне қалай әсер етеді?
- Қорытынды
Қалыңдығы, беріктігі, ылғалға төзімділік... Жылытқыштардың көптеген техникалық сипаттамалары бар. Сапалы материалды таңдау үшін осылардың қайсысына көңіл бөлген жөн? Сұрағыңызға жауап – біздің мақалада.
Жылуұстағышты таңдау кезіндегі аса маңызды фактор
Сапалы жылу оқшаулағыш іздеп, құрылыс материалдарын сататын дүкенге барған кезде, қандай критерийлерге назар аудару керек екенін білу маңызды. Көпшілік жылуұстағыштың өлшемдеріне қарайды және материалдар қалыңырақ болса, жылуды жақсырақ сақтайды деп ойлайды. Алайда бұл дұрыс тәсіл емес.
Жылу оқшаулағыштың тиімділігін анықтайтын түйінді фактор — оның жылу өткізгіштігі. Ол неғұрлым жоғары болса, материал арқылы соғұрлым көп жылу көлемі өтеді.
Егер жылуұстағыштың жылу өткізгіштігі жоғары болса, бұның ақыры қабырғаларға және құрылманың басқа элементтеріне қыраудың тұруына, олардың көгеруіне және зеңнің пайда болуына, жылыту жабдығының тиімділігінің төмендеуіне және жылыту шығындарының көбеюіне алып келеді.
Қандай жылу өткізгіштік дұрыс?
Бұл сұраққа бірыңғай жауап беру мүмкін емес. Бәрі өзіңіздің шешкелі отырған мәселеңізге байланысты. Әйтсе де жылу өткізгіштік неғұрлым төмен болса, соғұрлым жақсы.
Себебін түсіндірейік. Жылу өткізгіштігі төмен материалдар үйдегі жылуды сақтау және қабырғалар мен қасбеттерді жылыту үшін қолданылады, себебі олар жылуды жоғалтуға тосқауыл болады. Бұл көрсеткіш неғұрлым төмен болса, жылуұстағыштың жылуды оқшаулау қасиеттері соғұрлым жақсы.
Әдетте тұрғын үй-жайларды жылыту үшін жылу өткізгіштігі төмен материалдарды таңдаған жақсы. Мысалы, ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтасын. Ол жылдың кез келген мезгілінде үйде жайлы микроклиматты сақтауға көмектеседі. Күзде және қыста жылуы оқшауланған үй-жайлардың іші жылы болады, пәтеріңізде жүннен тоқылған свитермен қымтану қажет болмайды. Көктемде және жазда бөлмелердің іші қатты ыстық болмайды, осылайша ауаны кондициялау шығындарынан үнемдеуіңізге болады.
Жылу өткізгіштік материалдың басқа қасиеттеріне қалай әсер етеді?
Білместіктен адамдар жылуұстағыштың жылу өткізгіштігі секілді факторды жиі елеусіз қалдырады. Алайда ол материалдың басқа қасиеттеріне де әсер етеді.
Құрылыс құрылмаларының әрқайсысына жылуұстағыштың қандай қалыңдығы қажет болатыны жылу өткізгіштік коэффициентіне байланысты. Дәл мәнді есептеп шығару үшін ТЕХНОНИКОЛЬ онлайн-калькуляторын пайдаланыңыз. Оның көмегімен бірер минутта тегін жылу-техникалық есептеу жүргізуіңізге болады.
Қорытынды
Жылуұстағышты таңдағанда, мұқият болыңыз. Келешекте материалдың тиімділігінен көңіліңіз қалмауы үшін жылу өткізгіштік секілді маңызды фактор туралы ұмытпаңыз.
ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтасының негізіндегі жылу оқшаулағыш туралы көбірек білу:
РОКЛАЙТ - еңісті шатырға, аралық жабындарға, балконды және моншаны жылытуға арналған дұрыс шешім.
ТЕХНОБЛОК СТАНДАРТ - қаңқалы үйдің қасбетіне арналған, сайдинг астында қалатын немесе кірпішпен қапталатын жылу оқшаулағыш.
📌 ТЕХНОНИКОЛЬДІҢ барлық клиенті компанияның сарапшыларынан тегін кәсіби кеңес ала алады. ТЕХНОНИКОЛЬ материалдарын сатып алу және қолдану мәселелері бойынша кеңес алу үшін келесі сенім телефонына хабарласуға болады: 8 800 100 05 65