Ұйықтауға кедергі келтіретін көршімен күрес: дыбыс оқшаулау жүйелерін монтаждау тәсілдері
Шулы көршілер – көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындарының тұрақты мәселесі. Сауалнамалардың деректеріне сәйкес, ресейлік отбасылардың орта есеппен 11 %-нан астамы үнемі бөгде дыбыстардан зардап шегеді. Алайда бұл мәселенің шешімі бар. Тыныштықты қамтамасыз ету және ауа шуынан қорғану үшін әртүрлі дыбыс оқшаулағыш жүйелер бар. Олардың айырмашылықтары, неден тұратыны және қалай монтаждалатыны туралы ТЕХНОНИКОЛЬ компаниясының «Минералды оқшаулау» бағытының зерттеулер және даму жөніндегі директоры Александр Керник әңгімелейді.
Материалдың құрылмадағы жұмысы
Бір қабатта тұратын көршілерден келетін қатты әңгімелер, күлкі, музыка немесе иттің үруі түріндегі шу «ауа» шуы деп аталады. Ол дыбыс көзінен (колонкалардан, теледидардан, жануардан немесе адамнан) ауа арқылы жақын қабырғаға беріледі. Ол өз кезегінде дірілдей бастайды да, бұл дыбыстарды көрші бөлмеге таратады.
Серпімді талшықты материалдан (мысалы, тас мақтадан) және қатты элементтен (көтергіш негізден, бір немесе бірнеше гипс-қатырма табағынан) тұратын көп қабатты жүйелер ауа шуынан қорғануға көмектеседі. Біріншісі дыбыс толқынының талшықтар мен олардың арасындағы ауа қабаттарынан кезек-кезек өтуі арқылы оның таралуына ықпал етеді. Екіншісі оның энергиясын масса есебінен әлсіретеді, өйткені дыбыс толқынына көлемді қабатты «тербету» әлдеқайда қиын. Бұл құрылма құрылымы мен қаттылығы әртүрлі болатын қабаттардың үйлесімі арқылы тиімдірек болады және дыбыс толқыны тұтас кірпіштен немесе бетон қабырғадан өткеннен гөрі көбірек энергияны жоғалтады.
Қалалық пәтерлерде дыбыс оқшаулағыш жүйелерді орнатудың екі негізгі әдісі бар: қабырғаға тас мақта салынған металл торлама орнатылатын қаңқалық және қаңқасыз немесе желімді. Екінші жағдайда механикалық бекіткіш қажет емес.
Қаңқалық жүйені орнату
Танымал және жақсы дәлелденген шешім – тас мақта салынған қаңқалық дыбыс оқшаулағыш жүйе. Оны монтаждаған кезде қабырғадан 2-3 мм қашықтықта қаңқа бекітіледі, ол минералды мақтамен толтырылады. Металл құрылма жиірек қолданылады: ол ағашқа қарағанда тезірек және оңайырақ орнатылады, оны кесу және майыстыру, сонымен қатар элементтерді бір-бірімен байланыстыру оңай.
Шу енуі мүмкін акустикалық көпірлерді болдырмау үшін қаңқаның бағыттаушы профильдері қабырғаға емес, еденге және төбеге бекітіледі. Бұл жағдайда қабырға мен торлама арасында бос орын қалдырылады, ал еденге және төбеге іргелес жерлерде өздігінен жабысатын полиуретанды тығыздағыш таспа салынады.
Қаңқаның тіректері арасына дыбыс оқшаулағыш материал орнатылады. Бұл жүйеде қалыңдығы 50 мм ТЕХНОАКУСТИК тақталарын қолдану ұсынылады.
Егер дыбыс оқшаулағыш жүйе монтаждалатын қабырғаға электр сымдарын өткізу қажет болса, кабель мен розеткаларға арналған ойықтар тікелей тас мақтада жасалады. Бұл жағдайда құрылмада өтпелі тесіктердің пайда болмауын мұқият қадағалап отыру керек – бұл акустикалық көпірлердің пайда болуына әкелуі мүмкін.
Қаңқа жүйесінде қаптау үшін ГТТ немесе ГҚТ да қолданылады. 2 қабатпен монтаждаған кезде олар тігістердің бір қатарда болмауын қадағалап орнатылады: дыбыстан жақсы қорғау үшін жоғарғы қабат табақтары төменгі табақтардың тігістерін жабуы керек. Гипс-қатырманың қабырғаларға, еденге және төбеге тиіп кетпеуі маңызды, ал оны бекітетін бұрандалардың қақпақтары ені 10 см болатын тегістегішпен жабылуы керек. Бұл осы элементтер арқылы дірілдің өтуін барынша төмендетеді.
Соңында фиништік әрлеме – бояу немесе тұсқағаз қолданылады.
Есіңізде болсын, шулы көршілер, тіпті олармен келісе алмасаңыз да – шешілетін мәселе. Сапалы және сенімді материалдары бар заманауи дыбыс оқшаулағыш жүйелер мұны оңай, жылдам, шусыз және айтарлықтай қаржылық шығындар мен физикалық күш-жігер жұмсамай-ақ жасауға мүмкіндік береді.