СТО 72746455-3.2.1-2024

Тас мақта
РОКЛАЙТ

Азаматтық, аз қабатты және коттедж құрылысындағы жылу, дыбыс оқшаулағыш қабатқа арналған тас мақтадан жасалған жанбайтын тақталар.

Тақталар азаматтық және өнеркәсіптік құрылыста келесі мақсатта қолдануға арналған:

  • жүктелмейтін жылу, дыбыс оқшаулағыш қабат ретінде: жеңіл жабындар, арақабырғалар, едендер, техникалық еденасты жабындары, мансарда үй-жайлары, шатыр жабындары
  • жел мен судан қорғайтын мембраналарды қолдана отырып, жылытқышты итарқа астындағы немесе итарқа арасындағы кеңістікте орналастырған кезде еңісті жаппалар конструкцияларындағы жылу, дыбыс оқшаулағыш қабат ретінде

Геометриялық өлшемдері

Ұзындығы, мм 1200 (1000)*
ені, мм 600
қалыңдығы, мм 40-180*
қалыңдық бойынша класы Т2

*Қажетті өлшемдегі материалдың партиясын өндіру мүмкіндігін нақтылаңыз

Материал туралы толығырақ

Тас мақтадан жасалған жанбайтын, экологиялық таза РОКЛАЙТ тақталары аз қабатты үйлер құрылысы саласында ауқымды қолдану спектріне ие.
Жеке үй құрылысына арналған бұл әмбебап материал бөлме аралық қалқалар, техникалық еден астылары, шатыр астылары мен мансардалар жабындары жүйелерінде, сондай-ақ еңісті шатыр жаппаларының итарқа астылық және итарқа аралық кеңістігінде жылуды сақтау және дыбысты оқшаулау міндеттерін жақсы атқарады.

ТЕХНОНИКОЛЬ компаниясының мамандары Қазақстан климатының ерекшеліктерін ескере отырып, коттедждердің әртүрлі құрылыс конструкцияларында РОКЛАЙТТЫ қолдана отырып, бірнеше дайын технологиялық шешім әзірледі.
Мысалы, бұл материал шатыр астындағы суық жабынды жылытуға қолданылып, үйдегі жылудың шығынын айтарлықтай қысқартады. Сондай-ақ оның көмегімен мансарданы адам тұруға лайықтап, үйдің пайдалы ауданын кеңейтуге болады.
РОКЛАЙТ жылытқышын қолдану арқылы лагтарға орнатылған еденді оқшаулау тәжірибесі аралық жабындарды жылытудың үнемді, жылдам әрі сенімді тәсілі болып табылады.
Бұл материалдың көмегімен әйнектелген балконның, лоджиялардың, шаруашылық блогының, моншаның және тиімді жылу оқшаулауды қажет ететін өзге де үй-жайлардың қабырғалары мен еденінің жылуды сақтауын жақсартуға болады.
РОКЛАЙТ жылу оқшаулағышын таңдау — бұл ғимаратты жылытудан және ауасын кондициялаудан үнемдеу.
ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтасы қауіпсіз, экологиялық таза, қызмет ету мерзімі кемінде 50 жыл.
Оны өндіруші компанияның Қазақстандағы сауда серіктестерінен сатып алуға болады

АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
Жылыту шығындарын азайтады
Жылыту шығындарын азайтады

ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтасы үй ішіндегі микроклиматты ұстап отырады, сол арқылы қыста жылыту және жазда ауаны кондициялау шығыстарын азайтуды қамтамасыз етеді.

Қызмет ету мерзімі кемінде 50 жыл
Қызмет ету мерзімі кемінде 50 жыл

Жүргізілген эксперимент нәтижелері РОКЛАЙТ тас мақтасының мәлімделген физикалық-механикалық сипаттамалары өзгермеген күйде сақтала отырып, кемінде 50 жыл бойы қызмет етуге қабілетті екенін дәлелдеді.

Қауіпсіздігінің және экологиялық тазалығының кепілдігі Ресей тұтынушылардың құқықтарын қорғау қызметі мақұлдаған
Қауіпсіздігінің және экологиялық тазалығының кепілдігі Ресей тұтынушылардың құқықтарын қорғау қызметі мақұлдаған

ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтасы адамның және жануарлардың денсаулығы үшін қауіпсіз. Материалдар өндірісі кезінде қоршаған ортаға қамқорлық жасау – ТЕХНОНИКОЛЬ Корпорациясының қызметтегі басымдықтарының және инновацияларды қолдану салаларының бірі.

Қолдану
Открыть Жабын Закрыть Жабын
Жабын
2 шешім
Тас мақтамен жылытылған және ТН-ЛЮКСАРД Мансарда композитті жабынқыштан жасалған жабыны бар мансарда
Тас мақтамен жылытылған және ТН-ЛЮКСАРД Мансарда композитті жабынқыштан жасалған жабыны бар мансарда

Еңіс шатыр жаппасының жылытылған шатыр астының / мансарда үй-жайының классикалық конструкциясы. Аз қабатты тұрғын ғимараттарда шатырларды құру кезінде сәтті қолданылады.

Тас мақтамен жылытылған және ТН-ЛЮКСАРД Мансарда композитті жабынқыштан жасалған жабыны бар мансарда

ТН-ЛЮКСАРД Мансарда

  1. Жабын (ТЕХНОНИКОЛЬ LUXARD Classic композиттік қабатты жабынқышы)
  2. Торлама (367 мм қадаммен 50х50 мм ағаш білеу)
  3. қарсы торлама (ағаш білеулер)/li>
  4. Герметиктеуші элемент (ТЕХНОНИКОЛЬ АЛЬФАБЭНД 60 біржақты акрил таспасы)
  5. Герметиктеуші элемент (ТЕХНОНИКОЛЬ АЛЬФА КОНТРБРУС өзі жабысатын тығыздауыш таспасы)
  6. Желден, судан қорғаны (ТЕХНОНИКОЛЬ АЛЬФА ТОП үлдірі)
  7. ТЕХНОЛАЙТ ЭКСТРА / ТЕХНОЛАЙТ ОПТИМА / РОКЛАЙТ тас мақтадан жасалған тақталары
  8. Көтергіш негіз (Итарқа арқалық)
  9. Ішкі әрлеме торламасы
  10. Бу оқшаулағыш қабат (ТЕХНОНИКОЛЬ МАСТЕР БАРЬЕР 4.0 үлдірі)
  11. Ішкі қаптауыш (Табақ материалдардан жасалған тігінді (ГҚТ / БЖТ-3 / оймыш тақтай)
Тас мақтамен жылытылған және иілгіш жабынқыштан жасалған жабыны бар мансарда ТН-ШИНГЛАС Мансарда
Тас мақтамен жылытылған және иілгіш жабынқыштан жасалған жабыны бар мансарда ТН-ШИНГЛАС Мансарда

Мансарда Жылытылған, еңісті төбелі шатыр асты / мансардалы үй-жайдың классикалық құрылмасы. Шағын қабатты тұрғын үйлерде шатырларды жайғастыру үшін сәтті қолданылады.

Тас мақтамен жылытылған және иілгіш жабынқыштан жасалған жабыны бар мансарда ТН-ШИНГЛАС Мансарда

ТН-ШИНГЛАС Мансарда

  1. Жабын (ТЕХНОНИКОЛЬ SHINGLAS көп қабатты жабынқышы)
  2. Қорғаныс қабаты (ANDEREP NEXT FIX)
  3. Тұтас төсем (Ағаш төсем (OСП-3, ФФФ)
  4. Сиретілген торлама (Профильденген және дәл өлшемделген тақта 25х95 мм)
  5. Қарсы торлама (Профильденген ағаш білеу 50x50 мм)
  6. Герметикалық  элемент (ТЕХНОНИКОЛЬ АЛЬФА КОНТРБРУС өзі жабысатын тығыздауыш таспасы)
  7. Герметикалық  элемент (ТЕХНОНИКОЛЬ екі жақты акрил таспасы)
  8. Желден, судан қорғау (ТЕХНОНИКОЛЬ АЛЬФА ТОП үлдірі)
  9. РОКЛАЙТ тас мақтадан жасалған тақталары
  10. Көтергіш негіз (Профильденген және дәл өлшемделген тақта)
  11. Қосымша оқшаулауға арналған торлама (Профильденген ағаш білеу 50x50 мм)
  12. Буоқшаулағыш қабат (ТЕХНОНИКОЛЬ МАСТЕР БАРЬЕР 4.0 үлдірі)
  13. Ішкі қаптама (Гипсокартон парағы (ГКП) |Евро оймыш тақтай | АРМОхолст 80 гр/м²) 
Открыть Едендер Закрыть Едендер
Едендер
1 шешім
ТН-ПЕРЕКРЫТИЕ Каркас Чердак суық шатыр асты жүйесі
ТН-ПЕРЕКРЫТИЕ Каркас Чердак суық шатыр асты жүйесі

Суық шатыр астындағы аражабынды ағаш арқалақтар арқылы оқшаулау жүйесі. Еңісті шатыр астындағы суық шатыр еденін оқшаулау жүйесі, түрлі мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарда қолданылады.

ТН-ПЕРЕКРЫТИЕ Каркас Чердак суық шатыр асты жүйесі

ТН-ПЕРЕКРЫТИЕ Каркас Чердак

  1. Бірінші торлама (Тақтай)
  2. Желден, судан қорғау (ТЕХНОНИКОЛЬ АЛЬФА ТОП үлдірі)
  3. Торлама (50х50 мм ағаш білеу)
  4. РОКЛАЙТ тас мақтадан жасалған тақталары
  5. Көтергіш конструкция (Ағаш арқалықтар)
  6. Буоқшаулағыш (ТЕХНОНИКОЛЬ МАСТЕР БАРЬЕР 4.0 үлдірі)
  7. Торлама (Тақтай)
  8. Ішкі қаптама (ГҚТ, ГТТ, OSB немесе ЦЖТ табақ материалдардан жасалған астар)
Открыть Ішкі конструкциялар Закрыть Ішкі конструкциялар
Ішкі конструкциялар
1 шешім
ТН-СТЕНА Балкон балкондардың, лоджиялардың қабырғаларын жылыту
ТН-СТЕНА Балкон балкондардың, лоджиялардың қабырғаларын жылыту

Балкондар мен лоджияларды ұтымды жабдықтау пәтерді абаттандыруда маңызды рөл атқарады. Әйнектеліп, жылу оқшауланған жағдайда, бұл қосымша шаршы метрлер жылу шығынын едәуір азайтуға, сыртқы шудың және шаңның енуін төмендетуге мүмкіндік береді.

ТН-СТЕНА Балкон балкондардың, лоджиялардың қабырғаларын жылыту

ТН-СТЕНА Балкон

  1. Темірбетон негізі (Оқшауланатын балкон тақтасы)
  2. Бөлгіш қабат (Техноэласт АКУСТИК СУПЕР)
  3. Ағаш еденарқалықтар
  4. РОКЛАЙТ тас мақтадан жасалған тақталары
  5. Буоқшаулағыш (ТЕХНОНИКОЛЬ МАСТЕР БАРЬЕР 4.0 үлдірі)
  6. Құрама тұтастырғы (ЦЖТ, ГТТ немесе OSB)
  7. Торлама (600 мм қадаммен ағаш білеу)
  8. Еденнің соңғы жабынының астына төселетін астар (Тығынды немесе көбіктелген материал)
  9. Үй-жайдың таза әрлеуі
  10. Еденнің соңғы жабыны (Паркет тақтай немесе ламинат)
Открыть Монша Закрыть Монша
Монша
1 шешім
ТН-СТЕНА Баня бу бөлмесін жылыту
ТН-СТЕНА Баня бу бөлмесін жылыту

Моншаның (бу бөлмесінің) қабырғалары мен төбесін тас мақта тақталарымен жылуоқшаулау жүйесі. Жүйе монша мен сауна құрылысы кезінде бу бөлмесін жылуоқшаулауға арналған.

ТН-СТЕНА Баня бу бөлмесін жылыту

ТН-СТЕНА Баня

  1. Тұтас негіз (Білеутан, кірпіштен, блоктардан, темірбетоннан жасалған қабырға)
  2. Торлама (Білеуден жасалған қаңқа)   
  3. Торлама (Білеуден жасалған қаңқа)
  4. РОКЛАЙТ тас мақтадан жасалған тақталары
  5. Буоқшаулағыш қабат (ТЕХНОНИКОЛЬ АЛЬФА БАРЬЕР БАНЯ үлдірі)
  6. Өзі жабысатын таспа ( LOGICPIR® алюминий таспасы)
  7. Желдету саңылауына арналған білеу (Контртақтайша)
  8. Үй-жайдың таза әрлеуі (Евро оймыш тақтай)
өнім сипаттамалары

Көрсеткіштің атауы

Өлш. бір.

Өлшемшарт

Мәні

Сынақтар тәсілі

λ10 жылу өткізгіштігі

Вт/м·°K

ең көбі

0.036

МЕМСТ 7076-99,

МЕМСТ 31925-2011 (EN 12667:2001),

МЕМСТ 31924-2011 (EN 12939:2000)

λD жылу өткізгіштігі

Вт/м·°K

ең көбі

0.037

МЕМСТ 32314-2012 (EN 13162:2008)

λА жылу өткізгіштігі 

Вт/м·°K

ең көбі

0.040

МЕМСТ 7076-99, СП 23-101-2004

λБ жылу өткізгіштігі 

Вт/м·°K

ең көбі

0.041

МЕМСТ 7076-99, СП 23-101-2004

10% салыстырмалы деформация кезіндегі қысу беріктігі 

кПа

ең кемі

0.5

МЕМСТ EN 826-2011

Органикалық заттардың мөлшері

%

ең көбі

3.5

МЕМСТ 17177-94

Жартылай батыру кезіндегі қысқа уақытқа суды сіңіруі, WS

кг/м2

ең көбі

1

МЕМСТ EN 1609-2011

Белгіленген ұзақ уақыт ішінде үлгілерді жартылай батыру кезіндегі суды сіңіруі

кг/м2

ең көбі

3

МЕМСТ EN 12087-2011

Жанғыштық тобы

дәреже

-

НГ

МЕМСТ 30244-94

Тығыздығы

кг/м3

-

35 (±5)

МЕМСТ 17177-94

Монтаждау бойынша бейненұсқаулықты көру
Монтаждау бойынша нұсқаулықты жүктеп алу
Өнімдер туралы бейнепікірлер
Сертификаттар
КҮРДЕЛІ МӘСЕЛЕ ТУРАЛЫ ЖАЙ ҒАНА подкасты
Жарнамалық материалдар
Сақтау және тасымалдау
Желінің басқа тауарлары