Монтаждау кезінде қажет болуы мүмкін

ТЕХНОНИКОЛЬ екіжақты акрил таспасы

Акрил адгезиві мен қағаз бөлгіш таспадан жасалған екі жақты жалғаушы таспа. Желімдегіш қасиеті жоғары, орнату жайлылығы мен созылғыштығы өте жақсы, тозуға, температуралық ауытқуларға, ылғалға және көптеген химиялық заттарға төзімді.

ТЕХНОНИКОЛЬ АЛЬФА ПРОФ НГ КРОВЛЯ

ТЕХНОНИКОЛЬ АЛЬФА ПРОФ НГ КРОВЛЯ мембранасы жанбайтын шыны маталар негізінде жасалады. Мембрана зең мен бактериялардың әсеріне төзімді. Тегіс шатыр жүйелеріндегі өрт қауіптілігі класын төмендетуге мүмкіндік береді және кездейсоқ өрттің алдын алады.

ТЕХНОНИКОЛЬ АЛЬФА БАРЬЕР БАНЯ үлдірі

ТЕХНОНИКОЛЬ АЛЬФА БАРЬЕР БАНЯ – толтырғыштар мен қоспаларды қолдану арқылы шыны тормен күшейтілген алюминий фольгасының 2 қабатынан жасалған, төрт қабатты бу оқшаулағыш үлдір. Ол буды мүлдем дерлік өткізбей, құрылыс конструкциясына су буының енуінен сенімді қорғайды. Екі алюминий қабатынан тұратын үлдір энергия тұтыну тұрғысынан тиімді, бұл жылыту мен ауа баптау шығындарын азайтуға көмектеседі.

ТЕХНОНИКОЛЬ АЛЬФАБЭНД БУТИЛ екіжақты бутил-каучук таспасы

Адгезияға қарсы қағаз лайнері бар екіжақты бутил-каучук таспасы. Барлық су мен желден қорғайтын және бу оқшаулағыш үлдірмен пайдалануға арналған.

ТЕХНОНИКОЛЬ АЛЬФА КОНТРБРУС өзі жабысатын тығыздауыш таспасы

Модификацияланған акрилаттан тұратын желімдегіш қабаты бар, көпіршіктелген полиэтиленнен жасалған тығыздауыш таспа. Тығыздауыш таспа итарқа аяқтарын (тұтас төсемді) және жылуұстағышты қарсы торлама мен шегемен/бұрамашегемен торлама бекітілген жерлер арқылы ылғалданудан қорғауға арналған. АЛЬФА КОНТРБРУС итарқа аяқтарын бойлай үлдірдің үстіне немесе монтаждау алдында қарсы торламаға жапсырылады.
Загрузка навигации
Өнімдер туралы бейнепікірлер
ТЕХНОНИКОЛЬ корпорациясы туралы

ТЕХНОНИКОЛЬ компаниясы 30 жылдан аса жоғары сапалы материалдар өндірумен және ең озық технологияларды қолдана отырып ғимараттар мен құрылыстар тұрғызудың кешенді жүйелерін әзірлеумен айналысып келеді.

Корпорация құрамына бүгінде Ресейде және әлемнің 8 елінде орналасқан 68 өндіріс алаңдары, сондай-ақ 20 меншікті оқыту орталықтары және құрылыс саласына арналған жаңа өнімдер мен шешімдерді әзірлеу және сынау жұмыстары жүргізілетін 6 ғылыми орталық кіреді.

Арнайы жабдықтармен жасақталған зертханаларда сапасын бақылау және пайдаланушылық сипаттамаларын жақсарту мақсатында материалдарға сынақтар жүргізіледі.

Әлемнің 18 елінде 22 ТЕХНОНИКОЛЬ өкілдігі ашылған және нәтижелі жұмыс істеп жатыр. ТЕХНОНИКОЛЬ өнімдері 118 мемлекетке жеткізіледі.

Өндірістік компания құрылыс саласын жайлы тұрғын үйлер мен өнеркәсіптік объектілер тұрғызуға көмектесетін заманауи, экологиялық таза, қауіпсіз және тиімді өнімдермен қамтамасыз етуді өз міндеті деп біледі.

ТЕХНОНИКОЛЬ компаниясы шығаратын барлық өнімдер халықаралық санитарлық және экологиялық нормаларға сай келеді, адам денсаулығы мен табиғатқа қауіпсіз, міндетті де, ерікті де сертификаттаудың толық циклынан өткен, Ресейде және шетелде қолдануға рұқсат етілген.

Экспортталатын материалдардың қажетті үлгідегі сертификаттары бар.