Бұл қалай жасалған

Тас мақта туралы көбірек біл
1
/
7
Өндіріс туралы
Өндіріс кезеңдері
Шикізатты дайындау және жүктеу
Шихтаны пешке жіберу
Талшық өндіру
Бастапқы төсенішті қалыптастыру
Полимерлеу
Кесу
Қаптау
scheme-bg scheme-1 scheme-2 scheme-3 scheme-4 scheme-5 scheme-6 scheme-7
Кезең 1

Минерал талшығын өндіру бастапқы материалдардың белгілі бір пропорциядағы қоспасы – шихтаны дайындаудан басталады. ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтасын өндіру кезінде шикізаттың негізгі компонентіне тау жыныстары, доломит және басқа да минералдар кіреді.

Өндірістік зертхана шикізатты міндетті түрде бақылайды. Шикізат компоненттері мен қатты отын бөлек бункерлерге құйылып, рецептураға сәйкес таразыларда өлшенеді, пешке немесе шойын балқытқышқа дейін жеткізу кезінде беріліп, араластырылады.

Кезең 2

Дайын шихта шойын балқытқыштың (пештің) мойнына түседі. Шойын балқытқыш – жылу алмасуы қарсы ағын принципі бойынша жүзеге асатын, үздіксіз әрекет ететін, тік шахталық балқыту агрегаты. Шойын балқытқыштың жоғарғы бөлігіне жүктелетін шикізат төменге түсіріліп, балқытпаға айналады, ал шойын балқытқыштың төменгі жағында түзілген жану өнімдері (шойын балқытқыш газдары) жоғарыға көтеріліп, балқытылатын материалға жылу береді. Шикізаттың балқу температурасы шамамен 1500°С құрайды. Бұл температураға көміртек негізіндегі қатты отынның жануы есебінен қол жеткізіледі. Отын шығынын азайту үшін пешке шойын балқытқыштан шығатын түтін газдарының жануы арқылы жылу алмастырғышта алдын ала қыздырылған ауа беріледі. Бұл ретте, түтін газдарының өздері қатты бөлшектерден алдын ала тазартылады және ластаушы заттардың үлесін барынша азайту үшін арнайы қондырғыда қосымша жағылады.

Температураның әсерінен пештегі шихта балқытпаға айналады, ол өз кезегінде науалар жүйесі арқылы центрифугаға жеткізіледі.

Кезең 3

Шойын балқытқышта алынған минералдық балқытпа центрифуганың айналатын біліктері арқылы пайда болатын центрифугалық күштің әсерімен центрифугалық-білікті әдіспен талшыққа өңделеді. Желіде қос центрифуга қолданылады. Салқындатылатын науалар жүйесі балқытпаны центрифугаға жеткізеді, онда ол каскад түрінде орналасқан, жылдам айналатын біліктер жүйесінің алғашқы білігіне беріліп, балқытпа солар арқылы біркелкі үлестіріледі.

Тас материалды балқытудан шыққан түтін газдары тазарту үшін газдарды қосымша жағу қондырғысынан, сондай-ақ ірі және ұсақ бөлшектерден тазарту сүзгілерінен тұратын ретті жүйеге тартылады.

Шамамен 800 ℃ температурада қосымша жағу кезінде ластаушы заттар термиялық тотығудан өтіп, айтарлықтай бөлігі жағылады. Қосымша жағу процесінің алдында жеңқұбырлы сүзгіде қатты бөлшектерден қосымша тазарту жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, газдарды тазартудан пайда алуға мүмкіндік беретін жүйе, яғни рекуперация туралы айту қажет. Шойын балқытқыштың жұмысынан шыққан газдарды қосымша жағу процесінде ыстық ағын түзіледі, бірақ бірнеше жылу алмастырғыш арқылы өткенде, оның бір бөлігі алынып, шойын балқытқышта шикізатты балқытуға арналған жылу ретінде өндірістік циклге қайтарылады. Мұндай тәсіл тек қажетті қыздыру процесін жылдам жүргізуге және қажетті температураны ұстап тұруға ғана емес, сонымен қатар зауытқа табиғи ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Шойын балқытқыштардағы фильтрация өндірістік желінің құрамына кіреді және рекуперацияның көмегімен қыздыру процесінің тұрақты жүруін қамтамасыз етеді, кәсіпорынның шығарындыларындағы ластаушы заттардың мөлшерін едәуір азайтуға мүмкіндік беріп, кәсіпорынның сыртқы көрінісіне әсер етеді. Алайда, суық мезгілде құбырлардан түтіннің шығуын жиі байқауға болатынын атап өту керек, бұл атмосфераға шығатын газ қоспасының жоғары температурасы мен құрамындағы ылғалмен байланысты. Дәл осы соңғысы температура күрт төмендегенде осындай көзге көрінетін «шығарындының» пайда болуына әкеп соғады, бірақ бұл бұлттағы ластаушы заттардың мөлшері штаттық жұмыс кезіндегі қалыпты көрсеткіштерден аспайды.

Центрифуга жақтан келетін күшті ауа ағыны талшықтарды тартып шығарып, талшық тұндыру камерасына жеткізеді. Бұл жерде олар астыңғы бөліктегі сиретілген қысымның әсерінен тесікті транспортерге жиналады. Осы процеспен бір мезгілде талшыққа синтетикалық байланыстырушы зат сіңіру орындалады.

Сонымен қатар талшық тұндыру камерасы жұмыс істеуі үшін қалыптасқан талшықтың транспортерге тартылуы маңызды. Бұл газдарды талшықты қалыптастыру процесінен тазартатын КВО сүзгісінің желдеткіштерінің көмегімен пайда болатын сиретілген қысымның есебінен жүзеге асырылады.

КВО сүзгісі – қосымша су бүрку жүйесі бар, сүзгі элементтері лабиринт түрінде орналасқан кассеталы сүзгі. Мұндай құрылым тазарту тиімділігін арттырады және сүзгіге түсетін газ-ауа қоспасының температурасын төмендетеді. Сонымен қатар, бұл сүзгі тек тазарту қызметін атқарып қана қоймай, минералды мақтаның бастапқы төсенішін қалыптастыруға да көмектеседі және өндірістік жабдықтың ажырамас бөлігі болып табылады.

Кезең 4

Талшық тұндыру камерасының көлбеу тесікті конвейерінде талшықтардың біркелкі қабаты – бастапқы төсеніш қалыптасады. Оны әрі қарай тасымалдау үшін жұп тік тербелмелі конвейерлер жүйесімен (тербеліс жүйесі – маятник) қоса, бірқатар конвейерлер қолданылады. Маятник тас мақта қабатын салмақ өлшеу жүйесі орнатылған жүктеу конвейеріне төгеді. Осы конвейерде тас мақтаның соңғы қабаты қалыптасады.

Минералмақта қабаты әрі қарай гофрлау құрылғысына жеткізіледі. Бұл жерде ол болашақ өнімнің қажетті тығыздығы мен қалыңдығына ие болады.

Кезең 5

Полимерлеу камерасы тас мақта қабатын жылумен өңдеуге арналған. Қабат белгілі бір жылдамдықпен төменгі және жоғарғы конвейерлердің арасында қысылған күйде қозғалады. Айналып тұрған ыстық газдардың әсерінен байланыстырушы заттың қатаю процесі жүреді.

Полимерлеу камерасынан артық түтін газдарын шығару үшін тарту жүйесі, сондай-ақ зиянды заттарды тазалау және қосымша жағу қондырғысы қарастырылған.

Тазалау бірнеше кезеңде жүзеге асырылады. Алдымен су бүрку жүйесі бар сүзгі элементтерінің қатарынан тұратын кассеталы сүзгі қолданылады. Бұдан кейін бастапқыда тазартылған ауа термиялық тотығу – қосымша жағу жүйесіне жіберіледі (бұл жүйе шойын балқытқыштағы қондырғыға ұқсас). Тарту процесі полимерлеу камерасының үш секциясынан жүзеге асырылады және қондырғыда сиретілген қысым қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде газдардың цех ішіне өту ықтималдығын барынша азайтады. Желі қалыпты жұмыс істеуі үшін өнеркәсіптік желдеткіштер полимерлеу камерасының аймақтарынан ылғалды шығару мақсатында газ-ауа қоспасының бір бөлігін үнемі сорып, оны тазалау жүйесі арқылы шығарып тұруы қажет. Газ-ауа қоспасының бір бөлігін шығарып алмағанда, цехте жұмыс істеу өте қолайсыз болады, тіпті жұмыс аймағында түтіннің шамадан тыс жиналуынан жұмыс істеу мүлде мүмкін болмай қалуы ықтимал.

Полимерлеу сатысында минералды талшықтан соңғы ұшатын компоненттер мен шаң бөлшектері шығады. Шығарда дайын минералмақта қабаты пайда болады, оны кейін тек кесіп алу қажет болады.

Кезең 6

Полимерлеуден кейін қабат кесу желісіне жіберіліп, тақталар түрінде кесіледі. Сонымен қатар қабаттың жиектері де кесіледі. Кесілген жиектер ұсақталып, құбырлар арқылы талшық тұндыру камерасына оралады және бастапқы минералмақта қабатына қайта жіберіледі.

Кезең 7

Тақталар қаттау құрылғыларының көмегімен бумаларға жиналып, буып-түю учаскесіне жіберіледі. Бұл жерде олар терможиырылатын үлдірмен оралып, дайын өнімді үлдірмен тығыз жабу мақсатында қосымша жылумен өңдеуден өтеді. Қаптамалардың ұштарын күйдіру арнайы оттықтар арқылы жүзеге асырылады.

Қаптамалар қалыптасқаннан кейін бастапқы қаптамаға этикеткалар жапсырылады. Өнімдер екінші реттік буып-түю учаскесіне жіберіледі, мұнда бірнеше қаптамадан тұғырларға қойылған дайын өнім қалыптастырылады. Одан кейін стретч-худ деп аталатын машина орналасқан, онда тұғырды ашық ауада сақтау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін қосымша пакет кигізіледі. Одан кейін тұғырларға қойылған өнімдер тиегіштер арқылы қоймаға тасымалданады.

ТЕХНОНИКОЛЬ желісі
Артықшылықтары
Тиімді жылу оқшаулағышы
Тиімді жылу оқшаулағышы

Жылудың берілуіне жоғары кедергіге тас мақтаның өзара тығыз айқасқан өте жұқа талшықтарының көмегімен жылытқыштың ішінде қозғалыссыз күйде ауаның көп мөлшерін ұстап тұрудың есебінен қол жеткізіледі. Өзінің жылуды аз өткізетін қасиетінің арқасында ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтасы қыста үй жай ішіндегі жылуды, ал жазда салқындықты сақтайды.

Шыдаммерзiм
Шыдаммерзiм

ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтасының қызмет ету мерзімін ғимараттың қызмет ету мерзімімен салыстыруға келеді. Бұл ретте бүкіл пайдалану мерзімінің ішінде ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтасы өз қасиеттерін өзгертпейді.

Тамаша дыбыс оқшаулау
Тамаша дыбыс оқшаулау

ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтасынан жасалған бұйымдардың талшықты құрылымы материалдың тамаша акустикалық және дыбысты жұтатын қасиеттерін қамтамасыз етеді. ТЕХНОНИКОЛЬ өнімдері жиіліктердің кең диапазонында дыбысты жұтудың жоғары коэффициенттеріне ие, бұл әртүрлі дыбыс оқшаулағыш конструкцияларда: аралық қалқаларда, едендерде және басқа конструкцияларда қолданылған жағдайда ауадан және соққыдан таралатын шуылдың деңгейін төмендетуге ықпал етеді. Биологиялық төзімділік.

Биологиялық тұрақтылық
Биологиялық тұрақтылық

ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтасы әртүрлі макро- және микроағзалардың әсеріне қарсы тұруға қабілетті: материал бактериялардың, зеңдердің, саңырауқұлақтардың тіршілігін қолдамайды, сондай-ақ жәндіктер мен кеміргіштердің тіршілік етуіне тартымды орта болып табылмайды.

Жанбайтын
Жанбайтын

ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтасының өндірісінде габбро-базальт тобының тау жыныстары негізгі шикізат болып табылады. Мұның арқасында ТЕХНОНИКОЛЬ өнімдері отқа жанбайды. Талшықтардың балқу температурасы 1000° С-тан асады, бұл тас мақтадан жасалған өнімдерді жұмыстық температуралардың кең ауқымында қолдануға мүмкіндік береді.

Экологиялық зиянсыздығы
Экологиялық зиянсыздығы

Тас мақтадан жасалған жылу оқшаулағыш тақталардың өндірісіндегі негізгі шикізат габбро-базальт тобының тау жыныстары – вулканның атқылауының нәтижесінде түзілген магмалық түзінділер болып табылады. Бұл айрықша шикізат табиғи, экологиялық таза және қауіпсіз болып табылады.

ТЕХНОНИКОЛЬ корпорациясы туралы

ТЕХНОНИКОЛЬ компаниясы 30 жылдан аса жоғары сапалы материалдар өндірумен және ең озық технологияларды қолдана отырып ғимараттар мен құрылыстар тұрғызудың кешенді жүйелерін әзірлеумен айналысып келеді.

Корпорация құрамына бүгінде Ресейде және әлемнің 8 елінде орналасқан 68 өндіріс алаңдары, сондай-ақ 20 меншікті оқыту орталықтары және құрылыс саласына арналған жаңа өнімдер мен шешімдерді әзірлеу және сынау жұмыстары жүргізілетін 6 ғылыми орталық кіреді.

Арнайы жабдықтармен жасақталған зертханаларда сапасын бақылау және пайдаланушылық сипаттамаларын жақсарту мақсатында материалдарға сынақтар жүргізіледі.

Әлемнің 18 елінде 22 ТЕХНОНИКОЛЬ өкілдігі ашылған және нәтижелі жұмыс істеп жатыр. ТЕХНОНИКОЛЬ өнімдері 118 мемлекетке жеткізіледі.

Өндірістік компания құрылыс саласын жайлы тұрғын үйлер мен өнеркәсіптік объектілер тұрғызуға көмектесетін заманауи, экологиялық таза, қауіпсіз және тиімді өнімдермен қамтамасыз етуді өз міндеті деп біледі.

ТЕХНОНИКОЛЬ компаниясы шығаратын барлық өнімдер халықаралық санитарлық және экологиялық нормаларға сай келеді, адам денсаулығы мен табиғатқа қауіпсіз, міндетті де, ерікті де сертификаттаудың толық циклынан өткен, Ресейде және шетелде қолдануға рұқсат етілген.

Экспортталатын материалдардың қажетті үлгідегі сертификаттары бар.