Сұрақтар мен жауаптар

Открыть Тас мақта дегеніміз не? Закрыть Тас мақта дегеніміз не?
Тас мақта дегеніміз не?

Минералды жылу оқшаулауға материалдардың үш түрі жатады: тас мақта, шыны мақта және қож мақта. Айырмашылығы өнім өндірісінде қолданылатын шикізат компоненттерінде. Тас мақта — басым бөлігі жерді жарып шыққан тау жыныстарының балқытпасынан жасалған жылу, дыбыс оқшаулағыш материал.

Тас мақтаның өндірісіне арналған негізгі компоненттердің бірі ретінде габбро-базальт тобының жерді жарып шыққан тау жыныстары және химиялық құрамы бойынша оларға ұқсас метаморфоздық тау жыныстары, сондай-ақ мергельдер қолданылады. ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтасы жанбайтын жылытқыш болып табылады, жылу оқшаулауға, өртке қарсы қорғанышқа, үй-жай ішінде акустикалық жайлылық қалыптастыруға мінсіз сай келеді.

Открыть Қазақстанның қай қалаларында ТЕХНОНИКОЛЬ MASTER тас мақтасын сатып алуға болады? Закрыть Қазақстанның қай қалаларында ТЕХНОНИКОЛЬ MASTER тас мақтасын сатып алуға болады?
Қазақстанның қай қалаларында ТЕХНОНИКОЛЬ MASTER тас мақтасын сатып алуға болады?

Біздің өнімдер еліміздің ірі қалаларының басым бөлігінде ұсынылады. Материалдарымызды өткізумен айналысатын сауда серіктестеріміздің толық тізімін сайтта «Үйдің жанынан сатып алу» бөліміне өту арқылы табуға болады.

Открыть ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтасының өзге жылытқыш түрлерінен айырмашылығы неде? Закрыть ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтасының өзге жылытқыш түрлерінен айырмашылығы неде?
ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтасының өзге жылытқыш түрлерінен айырмашылығы неде?

ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтасы жанбайтын материал болып табылады. Тас мақта талшықтары 1000 ºС-қа дейін балқымастан жоғары температураларға төзе алады. Ашық кеуекті құрылымының арқасында тас мақтадан жасалған бұйымдар жылу, дыбыс оқшаулайтын қасиеттерге ие. Тас мақтаның кеуектеріне тұйықталған ауа төмен жылу өткізгіштік қасиетке ие және қозғалыссыз күйде тұрады, дәл осы жайт оның тамаша жылу оқшаулағыш қасиеттерін береді. Ашық кеуектілігінің арқасында тас мақта — бу өткізетін материал, бу өткізгіштігі шамамен 0,25 — 0,35 мг/м сағ Па-ға тең. Жылу оқшаулау тығыздығы шамамен 30 кг/м³-ден 220 кг/м³-ге дейін әртүрлі бола алады, яғни физикалық-механикалық сипаттамалары да ерекшеленеді, мысалы, қатты тақталар 70 кПа (7000 кг/м²!) үлестірілген жүктемені көтеруге қабілетті. Бұйымдар алюминий жұқалтырдан, крафт-қағаздан, шыныкенептен және т.б. жасалған жабынымен шығарыла алады.

Открыть ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтасының қызмет ету мерзімі қандай? Закрыть ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтасының қызмет ету мерзімі қандай?
ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтасының қызмет ету мерзімі қандай?

ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтадан жасалған тақталарының пайдалану мерзімі кемінде 50 жылды құрайды, бұл ғимараттың пайдаланылу мерзімімен мөлшерлес. ТЕХНОНИКОЛЬ маркасының тас мақтасынан өндірілетін бүкіл өнімдер құрылыстық конструкцияларда пайдаланушылық қасиеттерін ұзақ сақтау мерзімімен ерекшеленеді. Бұл жеке талшықтың сипаттамаларына да, конструкциядағы бүкіл жылу оқшаулағыш материалдың жұмысына да байланысты.

Открыть Астана қаласында балконнан кабинет жасап алғым келеді. Қандай материал қолданғаным дұрыс болады? Закрыть Астана қаласында балконнан кабинет жасап алғым келеді. Қандай материал қолданғаным дұрыс болады?
Астана қаласында балконнан кабинет жасап алғым келеді. Қандай материал қолданғаным дұрыс болады?

Бұл тапсырманы орындауға сізге жеңіл маркалы тақталары бар ТН-СТЕНА Балкон жүйесі, мысалы, РОКЛАЙТ сай келеді. Қалыңдығы жылу-техникалық есептеудің негізінде жобаңызға жеке іріктеледі.

Открыть Алматы қаласында сіздердің материалдарыңызбен жұмыс істеуді қай жерден үйренуге болады? Закрыть Алматы қаласында сіздердің материалдарыңызбен жұмыс істеуді қай жерден үйренуге болады?
Алматы қаласында сіздердің материалдарыңызбен жұмыс істеуді қай жерден үйренуге болады?

Астана қаласында, Бейбітшілік көшесі 39-үй, 3-корпус мекенжайы бойынша орналасқан ТЕХНОНИКОЛЬ компаниясының оқыту орталығында оқып шықсаңыз болады. Сондай-ақ үйрену мақсатында компанияның техникалық мамандары өткізіп отыратын вебинарлардың жазбалары қолжетімді. Өзіңізді қызықтыратын тақырыпты осы жерден таңдауға болады.

Открыть Тас мақтаның бір бумасын бір адам көтеріп жүре ала ма? Закрыть Тас мақтаның бір бумасын бір адам көтеріп жүре ала ма?
Тас мақтаның бір бумасын бір адам көтеріп жүре ала ма?

Жасалатын шикізаты негізінен жерді жарып тау жыныстарының балқытпасы болғанына қарамастан, тас мақтадан жасалған тақталардың салмағы ауыр емес, сондықтан бір адам материалды оңай тасымалдай алады. Сондай-ақ ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтадан жасалған тақталары терможиырылғыш үлдірмен қапталады, бұл материалмен жұмыс істеуді сөзсіз жеңілдетеді.

Открыть Қарағанды қаласында қаңқалы үй құрылысында бу оқшаулағышын қолдану қажет пе? Закрыть Қарағанды қаласында қаңқалы үй құрылысында бу оқшаулағышын қолдану қажет пе?
Қарағанды қаласында қаңқалы үй құрылысында бу оқшаулағышын қолдану қажет пе?

Тас мақта жылытқышы қолданылатын қаңқалы үй тұрғызу кезінде жылы үй-жай жағынан буды оқшаулағыш қабаттың, ал сыртқы жағынан судан, желден қорғайтын мембрананың болуы міндетті.

Открыть ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтасы шуыл деңгейін қалай азайтады? Закрыть ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтасы шуыл деңгейін қалай азайтады?
ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтасы шуыл деңгейін қалай азайтады?

ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтадан жасалған тақталары кең ауқымды жиіліктер диапазонында ауадағы және соққыдан туындаған шуылдардың дыбысын жақсы жұтатын қасиетке ие. Дыбыстың жұтылуы дыбыс толқынын тиімді басатын талшықты құрылымның есебінен қамтамасыз етіледі. ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтасы — қаңқасы иілгіш кеуектігі жоғары материал. Дыбыс энергиясын жұту механизмінің әрекеті келесідей: кеуекті материалдың бетіне ұшырасқан дыбыс толқындары кеуектердің ішіндегі ауаны тербелетін қозғалысқа келтіреді. Кеуек қуыстар ішінен өтетін ауа ағынына көп кедергі тудырады, осының арқасында материал құрылымы арқылы өткен кезде дыбыс толқындарының басылуы және жұтылуы орын алады, тұтқыр үйкелістің нәтижесінде дыбыс энергиясының бір бөлігі жылуға айналады. Сонымен қатар ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтадан жасалған тақталары қалқыма едендердің конструкциясында қолданылады, жоғары дыбыс оқшаулағыш сипаттамаларының (салыстырмалы сығылуы және серпімділік модулі) материал соққыдан таралған шуылдарды тиімді азайтады.

Открыть ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтасы қандай дыбыс оқшаулау конструкцияларында қолданыла алады? Закрыть ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтасы қандай дыбыс оқшаулау конструкцияларында қолданыла алады?
ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтасы қандай дыбыс оқшаулау конструкцияларында қолданыла алады?

ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтасы шуылдардың барлық түрлерімен – ауадан таралатын, соққыдан таралатын соққылармен күресуге көмектеседі. Сайттан тас мақта негізіндегі материал қолданылатын дыбысты оқшаулауға арналған әртүрлі шешімдерді көре аласыз: ауадан таралатын шуылдармен күресуге аспалы төбелер, лагтарға орнатылатын едендер, аралықтар және ішкі дыбыс оқшаулағыш қаптауыштар; соққыдан тарайтын шуылдарға қарсы күресуге – қалқымалы еден жүйелері және лагтарға орнатылатын едендер.

Дыбысты оқшаулаудың акустикалық жайлылыққа қол жеткізуге бағытталған іс-шаралардың бүтін бір кешені екенін есте сақтау қажет. Бірінші кезекте шуыл көзін анықтап алу қажет. Кейде шуыл көзі ғимараттан тыс жерде болады, әйтсе де себептің іште орналасатын жағдайлары жиі кездеседі, мысалы, желдету жүйелері, сорғы жабдықтары, жеделсатылар, қоқыс құбырлары және басқа да инженерлік жабдықтар, шулы көршілер. Осыдан кейін ғана дыбысты оқшаулау бойынша шараларды қолдану қажет.

Көппәтерлі үйдің қабат аралық жабындарының дыбысын оқшаулау үшін материал мен дұрыс жүйені іріктеу алуға көмектесіңіз. Шулап ойнағанды жақсы көретін бүлдіршін балам бар, содан көршілеріміз бізге көп шағымданады.

Бұл жағдайда сізге жанбайтын ТЕХНОФЛОР СТАНДАРТ тас мақтасы бар ТН-ПОЛ Проф жүйесінің қалқымалы еден жүйесі сай келеді. Оның физикалық-механикалық сипаттамалары соққыдан тарайтын шуылдың деңгейін 2 есеге дейін төмендетуге мүмкіндік береді және еденге түсетін жоғары жүктемелерге (жиһаз, габаритті тұрмыстық техника) төтеп береді.

Открыть Астана қаласында көп пәтерлі үйде қандай дыбыс оқшаулау конструкциясын қолдануға болады? Закрыть Астана қаласында көп пәтерлі үйде қандай дыбыс оқшаулау конструкциясын қолдануға болады?
Астана қаласында көп пәтерлі үйде қандай дыбыс оқшаулау конструкциясын қолдануға болады?

ТЕХНОНИКОЛЬ компаниясында дыбысты оқшау конструкцияларының бірнеше түрі әзірленген. Егер сізде негіздеме бұрыннан бар болса – онда ТН-СТЕНА Стандарт жүйесі сай келеді, егер сізге қаңқалы конструкциямен кеңістікті бөлі қажет болса – онда ТН-СТЕНА АКУСТИК жүйесі сай келеді. Төбені дыбыстан оқшаулау үшін ТН-ПОТОЛОК Акустик арнайы шешімі бар.

Открыть ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтасынан жасалған бұйымдарды объектінің өзінде кесуге бола ма? Закрыть ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтасынан жасалған бұйымдарды объектінің өзінде кесуге бола ма?
ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтасынан жасалған бұйымдарды объектінің өзінде кесуге бола ма?

ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтадан жасалған тақталары жұмыс орнында кез келген құрылыс дүкенінен сатып алуға болатын майда тісті пышақпен немесе арамен оңай кесіледі.

Открыть Астана қаласында жеке үйде суық шатырдың астына жабынды жылыту кезінде судан, желден қорғайтын мембрана қолдану қажет пе? Закрыть Астана қаласында жеке үйде суық шатырдың астына жабынды жылыту кезінде судан, желден қорғайтын мембрана қолдану қажет пе?
Астана қаласында жеке үйде суық шатырдың астына жабынды жылыту кезінде судан, желден қорғайтын мембрана қолдану қажет пе?

Судан, желден қорғайтын мембрананы кез келген жағдайда қолдану қажет. Ол тікелей жабынның бетінде де, шатыр жабынының астыңғы жағында да (итарқаларда) орналаса алады.

Открыть Астана қаласында суық жертөле мен жылы үй-жайдың арасындағы лагтарға орнатылған еденді жылытқалы жатырмын. Қандай материал қолданған жөн және бу оқшаулағышты және судан, желден қорғанышты қай жерге орналастыру қажет? Закрыть Астана қаласында суық жертөле мен жылы үй-жайдың арасындағы лагтарға орнатылған еденді жылытқалы жатырмын. Қандай материал қолданған жөн және бу оқшаулағышты және судан, желден қорғанышты қай жерге орналастыру қажет?
Астана қаласында суық жертөле мен жылы үй-жайдың арасындағы лагтарға орнатылған еденді жылытқалы жатырмын. Қандай материал қолданған жөн және бу оқшаулағышты және судан, желден қорғанышты қай жерге орналастыру қажет?

Бұл жағдайда сізге жеңіл маркалы тас мақта, мысалы, РОКЛАЙТ жарайды. Жүйені монтаждау кезінде жылы бөлме жағынан бу оқшаулайтын қабатты қамтамасыз ету және суық жертөле жағынан судан, желден қорғайтын мембрана орнату маңызды.

Открыть Тас мақтаны кеміргіштер жей ме? Закрыть Тас мақтаны кеміргіштер жей ме?
Тас мақтаны кеміргіштер жей ме?

ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтасы биологиялық тұрақты материал болып табылады. Биологиялық тұрақтылық деп материалдың әртүрлі макро- және микроағзалардың әсеріне қарсы тұру қабілетін түсініледі: материал бактериялардың, зеңдердің, саңырауқұлақтардың тіршілігін қолдамайды, сондай-ақ жәндіктер мен кеміргіштердің тіршілік етуіне тартымды орта болып табылмайды. ТЕХНОНИКОЛЬ өнімдері толықтай биологиялық тұрақтылық критерийлеріне сай келеді, бұл көптеген тесттер мен сынақтар арқылы да, натуралық бақылаулардың деректерімен де расталған. ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтасы кеміргіштер үшін азық ретінде тартымды емес және олар үшін қорек болып табылмайды. Мәжбүрлі жағдайларда азыққа және суға немесе жануардың өзге де физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруына тосқауыл (кедергі) болып табылған кездерде кеміргіштер кез келген өзге материал секілді ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтадан жасалған тақталарына әсер етеді. Еркін таңдау жағдайларында егер төсем материалы қажет болса, кеміргіштер тас мақтаға әсер етеді. Інге қажетті материалдар (кенеп, қағаз) жеткілікті болса, ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтадан жасалған тақталары кеміргіштерді ең соңынан ғана қызықтырады.

Открыть Әжемнен кірпіштен қалған ескі үй қалды. Үйді жаңартып, қасбетін жылытып алғым келеді. Үй Ақтөбе қаласында орналасқан. Қасбетті қандай материалмен жылытқан жақсы деп ойлайсыздар? Закрыть Әжемнен кірпіштен қалған ескі үй қалды. Үйді жаңартып, қасбетін жылытып алғым келеді. Үй Ақтөбе қаласында орналасқан. Қасбетті қандай материалмен жылытқан жақсы деп ойлайсыздар?
Әжемнен кірпіштен қалған ескі үй қалды. Үйді жаңартып, қасбетін жылытып алғым келеді. Үй Ақтөбе қаласында орналасқан. Қасбетті қандай материалмен жылытқан жақсы деп ойлайсыздар?

Бұл проблеманың оңтайлы шешімі ТЕХНОБЛОК СТАНДАРТ тас мақтасымен ТН-ФАСАД Сайдинг жүйесі болады. Судан, желден қорғайтын мембрананы орнатуды ұмытпаңыз! Қадам-қадамымен монтаждауды мына жерден қарап көруге болады.

Открыть Гидрофобтық деген не? Закрыть Гидрофобтық деген не?
Гидрофобтық деген не?

Гидрофобтық (грек тіліндегі ὕδωρ — су және φόβος — қорқыныш, үрей) — бұл сумен жанасудан қашуға «ұмтылатын» молекуланың физикалық қасиеті. Бұл жағдайда молекуланың өзі гидрофобты деп аталады. Құрылыс конструкцияларының бүкіл зақымдарының шамамен 70 %-ы ылғалдың әсерінен туындайды. Жылытқыш құрамында ылғалдың болуы оның жылу оқшаулағыш қасиеттеріне, қызмет ету мерзіміне және үй-жайдың микроклиматына кері әсер етеді. Жылытқыш ылғалданып қалған жағдайда оның салдарларын жою бойынша қымбатқа түсетін және ұзақ мерзімді шаралар қажет болады, олар көбіне конструкция элементтерін ауыстырудан тұрады. Тас мақта тікелей сулаудың әсеріне ұшырамауы тиіс, себебі суланғаннан кейін ол өзінің қасиеттерінен айырылады. ТЕХНОНИКОЛЬ материалдары тастан жасалған және жылытқышқа су сіңірмейтін қасиет беретін гидрофобтаушы қоспалармен өңделген. Алайда бұл тек оларға судың қысқа мерзімді әсеріне ғана төзімді болуға мүмкіндік береді.

Открыть ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтасынан жасалған материалдарды қалай сақтау және тасымалдау қажет? Закрыть ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтасынан жасалған материалдарды қалай сақтау және тасымалдау қажет?
ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтасынан жасалған материалдарды қалай сақтау және тасымалдау қажет?

ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтасынан жасалған материалдармен жұмыс істеген кезде тасымалдау және сақтау ережелерін орындау қажет. Тасымалдау: Бұйымдар көліктің осы түрінде қолданылатын жүктерді тасымалдау қағидаларына сәйкес жабық көлік құралдарының барлық түрімен тасымалданады.

Міндетті түрде атмосфералық жауын-шашыннан қорғанышы бар ашық автокөлік құралдарымен бұйымдарды 500 км-ге дейінгі қашықтыққа тасымалдауға жол беріледі.

Сақтау: Тақталар бөлек маркалары мен өлшемдері бойынша қапталған және түпқоймаларға қат-қабат үйілген күйде сақталуы тиіс. Қатталған қатардың биіктігі 3 м-ден аспауы тиіс.

Түпқоймалар құрғақ, тегіс бетте сақталуы тиіс. Сақтау мерзімі бойы материал атмосфералық жауын-шашын әсерінен қорғалуы керек.

Открыть Егер жылытқышқа жүктемелер түспейтін болса, РОКЛАЙТ материалын ПВХ орамды мембранасы түріндегі жұмсақ шатыр жабынының астына жылу оқшаулағыш ретінде қолдануға бола ма? Закрыть Егер жылытқышқа жүктемелер түспейтін болса, РОКЛАЙТ материалын ПВХ орамды мембранасы түріндегі жұмсақ шатыр жабынының астына жылу оқшаулағыш ретінде қолдануға бола ма?
Егер жылытқышқа жүктемелер түспейтін болса, РОКЛАЙТ материалын ПВХ орамды мембранасы түріндегі жұмсақ шатыр жабынының астына жылу оқшаулағыш ретінде қолдануға бола ма?

Егер жылыту итарқалардың арасына орнатылатын болса (яғни жылытқышқа жүктеме түспейтін болса), қолдануға болады.

Открыть Неліктен ТЕХНОНИКОЛЬ тақталарының түстері әртүрлі болуы мүмкін? Закрыть Неліктен ТЕХНОНИКОЛЬ тақталарының түстері әртүрлі болуы мүмкін?
Неліктен ТЕХНОНИКОЛЬ тақталарының түстері әртүрлі болуы мүмкін?

Өнім тақталарының түсі негізінен екі түрлі параметрмен анықталады: шихтаның шикізаттық компоненттерінің бастапқы құрамымен және технологиялық желіде минералды мақта кілемін термиялық өңдеу режимдерімен. Түсі бойынша ауытқулардың өнімдердің пайдаланушылық сипаттамаларымен ешқандай байланысы жоқ, монтаждық жұмыстарды жүргізгеннен кейін бүкіл айырмашылықтар келесі әрлеудің астына жасырылып қалады.