Материалды таңдау
Материалды таңдау
Таңдаудың күшін жоюТаңдаудың күшін жою
Қасбеттер
Арақабырғалар
Жабын
Едендер
Төбе
Ішкі конструкциялар
Монша
Таңдаудың күшін жоюРОКЛАЙТ Өту
Таңдаудың күшін жоюТЕХНОБЛОК СТАНДАРТ Өту
Таңдаудың күшін жоюТЕХНОАКУСТИК Өту
Таңдаудың күшін жоюТЕХНОФАС КОТТЕДЖ Өту
Таңдаудың күшін жоюТЕХНОФЛОР СТАНДАРТ Өту
Таңдаудың күшін жоюТЕХНОБЛОК ПРОФ Өту
ТЕХНОНИКОЛЬ желісі
Қазақстандағы ТЕХНОНИКОЛЬ туралы

ТЕХНОНИКОЛЬ компаниясы Қазақстан тұрғындарына жеке үй құрылысына арналған жылуды және дыбысты оқшаулау материалдарын қамтитын ТЕХНОНИКОЛЬ желісінің өнімдерін ұсынады.
Бұл санаттың өнімдері жеке үй тұрғызушыға да, құрылыс және жөндеу саласында белгілі бір тәжірибесі бар адамдарға да сай келеді. Реті бойынша берілген түсінікті нұсқаулардың арқасында кәсіби маман болмауына және арнайы білімінің жоқтығына қарамастан ТЕХНОНИКОЛЬ клиенттері өз бетінше өз үйлері мен пәтерлерін алдын ала болжап айтуға болатын жақсы нәтижемен жылыта алады.

Неліктен ТЕХНОНИКОЛЬ жылуды, дыбысты оқшаулау желісі қазақстандықтардың талаптарына сәйкес келеді?

Қазақстан аумағының басым бөлігінде үстемдік ететін күрт құбылмалы ауа райы қары аз және аязды қыс мезгілінен, күшті желдерден, ыстық, құрғақ жаз мезгілінен, сондай-ақ маусымдық температуралардың үлкен ауытқуларынан тұрады. Қыстыгүні үйдегі жылуды, ал жаз айларында салқын ауаны сақтау үшін елдегі жеке секторда тастан, кірпіштен, газды бетоннан және ағаштан (бұл нарықтың 85%-ы) тұрғызылып жатқан барлық үйлер сәйкесінше сапалы оқшаулауды қажет етеді. Қаладағы типтік көп қабатты үйлердегі пәтерлер үшін де жылу шығынын барынша азайтып, шуыл жүктемелерін төмендету маңызды.

Жайлы микроклимат — жыл он екі ай

Жылу шығынының проблемасын ұзақ жылдарға бір-ақ шешу үшін Қазақстанда жеке үйді немесе пәтерді отбасылық бюджетке тиімді болатындай етіп, өз күшіңізбен және уақытты барынша үнемдей отырып немен және қалай жылытып қаптау қажет?
РОКЛАЙТ және ТЕХНОБЛОК СТАНДАРТ тас мақтадан жасалған жанбайтын, қауіпсіз материалдары тұрғын үйге сапалы жылу оқшаулау жүргізуге көмектеседі. Тұрғын үй-жайлардың дыбысын оқшаулауға ТЕХНОАКУСТИК және ТЕХНОФЛОР СТАНДАРТ маркалары сай келеді.
Тас мақтаның көмегімен тек қаладағы тұрғын үйді, қала сыртындағы коттеджді ғана емес, бөлек тұрған қосалқы құрылыстарды: шаруашылық үй-жайларын, бақшадағы шағын үйшіктерді, моншаларды және жабық верандаларды да тиімді жылытуға болады.

Әртүрлі міндеттерге арналған ТЕХНОНИКОЛЬ

РОКЛАЙТ материалдары — тас мақтадан жасалған гидрофобтандырылған (суды сіңірмейтін әсері бар) жылуды, дыбысты оқшаулағыш тақталар болып табылады. Олардың негізінде — төмен фенолды байланыстырғышпен байланыстырылған базальт тобы тау жыныстарының балқытпасы.
РОКЛАЙТ жылытқышқа үлкен жүктемелер түсірілмейтін әртүрлі құрылыстық конструкцияларды жылытуға жарайды: олар қаңқалы үйлердің қабырғалары мен мансардалары, торламамен төселген едендер, аралық жабындар, бөлмелер арасындағы аралық қалқалар — сайдингпен қапталатын қасбеттер.

ТЕХНОБЛОК СТАНДАРТ тақталары көп қабатты қабырғалар жүйесінде жылуды және дыбысты оқшаулағыш қабатты жасауға, сонымен қатар — әрмен қарай сайдингпен қапталатын ғимараттардың сыртқы қабырғаларын жылытуға жарайды.

ТЕХНОФЛОР СТАНДАРТ міндеті — құрама тұтастырғысы бар қалқымалы едендерде жылуды, дыбысты оқшаулайтын қабат құру, сондай-ақ соққыдан тарайтын шуылдан қорғау.

ТЕХНОАКУСТИК тақталары дыбыс оқшаулағышта жүктеме түспейтіндей етіп монтаждалған бөлме аралық қалқалардың, аспалы төбелер мен аралық жабындардың алуан түрлерінің дыбысын оқшаулауға қолданылады.

ТЕХНОНИКОЛЬ сериясының жылуды және дыбысты оқшаулауға арналған заманауи материалдары жұмыс істеуде жеңіл, сенімді, экологиялық таза, ұзаққа төзімді және бағасы бойынша қолжетімді.
Қазақстан аумағында өз қалаңыздан дүкен тауып алыңыз..

Артықшылықтары
Тиімді жылуоқшаулағыш
Тиімді жылуоқшаулағыш

Жылудың берілуіне жоғары кедергіге тас мақтаның өзара тығыз айқасқан өте жұқа талшықтарының көмегімен жылытқыштың ішінде қозғалыссыз күйде ауаның көп мөлшерін ұстап тұрудың есебінен қол жеткізіледі. Өзінің жылуды аз өткізетін қасиетінің арқасында ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтасы қыста үй жай ішіндегі жылуды, ал жазда салқындықты сақтайды.

Төзімділік
Төзімділік

ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтасының қызмет ету мерзімін ғимараттың қызмет ету мерзімімен салыстыруға келеді. Бұл ретте бүкіл пайдалану мерзімінің ішінде ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтасы өз қасиеттерін өзгертпейді.

Тамаша дыбыс оқшаулау
Тамаша дыбыс оқшаулау

ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтасынан жасалған бұйымдардың талшықты құрылымы материалдың тамаша акустикалық және дыбысты жұтатын қасиеттерін қамтамасыз етеді. ТЕХНОНИКОЛЬ өнімдері жиіліктердің кең диапазонында дыбысты жұтудың жоғары коэффициенттеріне ие, бұл әртүрлі дыбыс оқшаулағыш конструкцияларда: аралық қалқаларда, едендерде және басқа конструкцияларда қолданылған жағдайда ауадан және соққыдан таралатын шуылдың деңгейін төмендетуге ықпал етеді. Биологиялық төзімділік.

Биологиялық тұрақтылық
Биологиялық тұрақтылық

ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтасы әртүрлі макро- және микроағзалардың әсеріне қарсы тұруға қабілетті: материал бактериялардың, зеңдердің, саңырауқұлақтардың тіршілігін қолдамайды, сондай-ақ жәндіктер мен кеміргіштердің тіршілік етуіне тартымды орта болып табылмайды.

Жанбайтын
Жанбайтын

ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтасының өндірісінде габбро-базальт тобының тау жыныстары негізгі шикізат болып табылады. Мұның арқасында ТЕХНОНИКОЛЬ өнімдері отқа жанбайды. Талшықтардың балқу температурасы 1000° С-тан асады, бұл тас мақтадан жасалған өнімдерді жұмыстық температуралардың кең ауқымында қолдануға мүмкіндік береді.

Экологиялық зиянсыздығы
Экологиялық зиянсыздығы

Тас мақтадан жасалған жылу оқшаулағыш тақталардың өндірісіндегі негізгі шикізат габбро-базальт тобының тау жыныстары – вулканның атқылауының нәтижесінде түзілген магмалық түзінділер болып табылады. Бұл айрықша шикізат табиғи, экологиялық таза және қауіпсіз болып табылады.

Ақылмен салынған үй – <br>ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтасымен салынған үй. Ақылмен салынған үй – <br>ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтасымен салынған үй.
Ақылмен салынған үй –
ТЕХНОНИКОЛЬ тас мақтасымен салынған үй.
Өнімдер туралы бейнепікірлер
КҮРДЕЛІ МӘСЕЛЕ ТУРАЛЫ ҚАРАПАЙЫМ подкасты
Бізбен хабарласыңыз
Менеджерлерімізге хабарласуыңызға болады:
  • Абхазия
  • Армения
  • Әзірбайжан
  • Грузия
  • Қазақстан
  • Қырғызстан
  • Өзбекстан
  • Тәжікстан
  • Түркіменстан
Өз аймағыңызды таңдаңыз:
  • Абай облысы
  • Ақмола облысы
  • Ақтөбе облысы
  • Алматы
  • Алматы облысы
  • Астана
  • Атырау облысы
  • Батыс Қазақстан облысы
  • Жамбыл облысы
  • Жетісу облысы
  • Қарағанды облысы
  • Қостанай облысы
  • Қызылорда облысы
  • Маңғыстау облысы
  • Павлодар облысы
  • Солтүстік Қазақстан облысы
  • Түркістан облысы
  • Ұлытау облысы
  • Шығыс Қазақстан облысы
  • Шымкент
Косаченко Владимир Алексеевич
+7 (701) 029-04-28 kosachenko@tn.ru
Астана, Ақмола облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Қарағанды облысы, Қостанай облысы, Ұлытау облысы Астана
Ақмола облысы
Солтүстік Қазақстан облысы
Қарағанды облысы
Қостанай облысы
Ұлытау облысы
Карачурин Ильдар Фанилевич
+7 (917) 793-78-16 karachurin@tn.ru
Абхазия, Армения, Грузия, Түркіменстан, Тәжікстан, Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан
Кучин Константин Николаевич
+7 (701) 722-40-45 kuchin.k@tn.ru
Абай облысы, Алматы, Алматы облысы, Атырау облысы, Ақтөбе облысы, Батыс Қазақстан облысы, Жамбыл облысы, Жетісу облысы, Маңғыстау облысы, Павлодар облысы, Түркістан облысы, Шымкент, Шығыс Қазақстан облысы, Қызылорда облысы Абайская область
Актюбинская область
Алматинская область
Алматы
Атырауская область
Восточно-Казахстанская область
Жамбылская область
Жетысуйская область
Западно-Казахстанская область
Кызылординская область
Мангистауская область
Павлодарская область
Туркестанская область
Шымкент
Қолдану
Открыть Қасбеттер Закрыть Қасбеттер
Қасбеттер
5 шешім
ТН-ФАСАД Каркас Сайдинг қаңқалық негіз бойынша сайдингпен қапталған қасбет жүйесі
ТН-ФАСАД Каркас Сайдинг қаңқалық негіз бойынша сайдингпен қапталған қасбет жүйесі

Әртүрлі мақсаттағы үйлер, коттедждер, таунхаустар, аз қабатты ғимараттар мен құрылыстарды салған кезде қолданылатын қаңқалық негіз бойынша сайдингпен қапталған қасбет жүйесі.

ТН-ФАСАД Каркас Сайдинг қаңқалық негіз бойынша сайдингпен қапталған қасбет жүйесі

ТН-ФАСАД Каркас Сайдинг

  1. Қорғаныш сәндік жабын (ТЕХНОНИКОЛЬ винил сайдингі)
  2. Қарсы торлама (400 мм қадаммен контртақтайша)
  3. Судан, желден қорғау (ТЕХНОНИКОЛЬ АЛЬФА ВЕНТ ТПУ УЛЬТРА үлдірі)
  4. ТЕХНОБЛОК СТАНДАРТ и ТЕХНОБЛОК ПРОФ тас мақтадан жасалған тақталары
  5. Көтергіш тіреу
  6. Буоқшаулағыш (ТЕХНОНИКОЛЬ МАСТЕР БАРЬЕР 4.0 үлдірі)
  7. Қарсы торлама (контртақтайша)
  8.  Ішкі қаптама (ГКТ немесе ГТТ жасалған астар)
  9. Терезе блогының жанасу құрылғысы (ТЕХНОНИКОЛЬ 65 MAXIMUM кәсіби монтаждау көбігі)
  10. Терезе блогының жанасу құрылғысы (БРУСКИ XPS ТЕХНОНИКОЛЬ CARBON ECO экструзиялық көбікполистиролы)
  11. Судан, желден қорғау (ТЕХНОНИКОЛЬ АЛЬФАБЭНД 60 біржақты акрил таспасы)
ТН-ФАСАД Декор жұқа қабатты сылақ қасбеті
ТН-ФАСАД Декор жұқа қабатты сылақ қасбеті

Тас мақтадан тұратын жылу оқшаулағыш қабаты бар сылақты қасбет жүйесі отқа төзімділіктің барлық дәрежелеріндегі, барлық конструктивтік және функционалдық өрт қауіпсіздігі кластарының әртүрлі мақсаттағы ғимараттары мен құрылыстардың қасбеттерінің жылуын оқшаулауға арналған.

ТН-ФАСАД Декор жұқа қабатты сылақ қасбеті

ТН-ФАСАД Декор

  1. Тұтас негіз
  2. Астар
  3. Сылақ-желім қоспасы
  4. ТЕХНОФАС ОПТИМА / IZOVOL Ф-100 / ТЕХНОФАС КОТТЕДЖ / ТЕХНОФАС ДЕКОР / ТЕХНОФАС ЭФФЕКТ / ТЕХНОФАС / IZOVOL Ф-120/140/150 тас мақтадан жасалған тақталары
  5. Бекіту элементі
  6. Сылақ-желім қоспасы
  7. Арқаулағыш тор
  8. Астар
  9. Cәндік сылақ
  10. Қасбеттік бояу
  11. Терезе блогының жанасу құрылғысы (ТЕХНОНИКОЛЬ 65 MAXIMUM кәсіби монтаждау көбігі)
ТН-ФАСАД Стандарт қабат-қабат қалау
ТН-ФАСАД Стандарт қабат-қабат қалау

Тас мақтадан тұратын жылытқышы бар үш қабаттық қабатты қалау жүйесі әртүрлі мақсаттардағы қаңқалы-монолитті ғимараттар мен құрылыстардың өзі көтергіш қоршау конструкцияларының жылуын оқшаулауға арналған. Аз қабатты құрылыста көтергіш қоршау конструкциясы ретінде.

ТН-ФАСАД Стандарт қабат-қабат қалау

ТН-ФАСАД Стандарт

  1. Тұтас негіз (Үлкен форматты блоктардан жасалған қалау)
  2. Көтергіш негіз (Темірбетон аражабын тақтасы)
  3. Бір қабат жылуоқшаулағыш (ТЕХНОНИКОЛЬ CARBON PROF экструзиялық көбікполистиролы)
  4. Бөгеу гидрооқшаулағышы (БИКРОЭЛАСТ)
  5. ТЕХНОБЛОК СТАНДАРТ жәнеТЕХНОБЛОК ПРОФ тас мақтадан жасалған тақталары
  6. Қорғаныш сәндік жабын (Қаптама кірпіш)
  7. Бекіту элементі (TERMOCLIP 5MS Е иілгіш байланысы)
  8. TERMOCLIP желдету қорапшасы
  9. Терезе блогының жанасу құрылғысы (ТЕХНОНИКОЛЬ 65 MAXIMUM кәсіби монтаждау көбігі)
ТН-ФАСАД Сайдинг (ағаш/ тас/ бетон) негіз бойынша сайдингпен қапталған қасбеті
ТН-ФАСАД Сайдинг (ағаш/ тас/ бетон) негіз бойынша сайдингпен қапталған қасбеті

Әртүрлі мақсаттағы үйлер, коттедждер, таунхаустар, аз қабатты ғимараттар мен құрылыстарды салған кезде қолданылатын (ағаш/ тас/ бетон) негіз бойынша сайдингпен қапталған қасбет жүйесі.

ТН-ФАСАД Сайдинг (ағаш/ тас/ бетон) негіз бойынша сайдингпен қапталған қасбеті

ТН-ФАСАД Сайдинг

  1. Қорғаныш сәндік жабын (ТЕХНОНИКОЛЬ винил сайдингі)
  2. Қарсы торлама (400 мм қадаммен контртақтайша)
  3. Судан, желден қорғау (ТЕХНОНИКОЛЬ АЛЬФА ВЕНТ ТПУ УЛЬТРА үлдірі)
  4. ТЕХНОБЛОК СТАНДАРТ және ТЕХНОБЛОК ПРОФ тас мақтадан жасалған тақталары
  5.  Көтергіш тіреу (600 мм қадаммен жылуоқшаулағыш астындағы қаңқа)
  6. Көтергіш негіз
  7. Терезе блогының жанасу құрылғысы (ТЕХНОНИКОЛЬ 65 MAXIMUM кәсіби монтаждау көбігі)
  8. Жылуоқшаулағыш қабат (БРУСКИ XPS ТЕХНОНИКОЛЬ CARBON ECO экструзиялық көбікполистиролы)  
  9. Судан, желден қорғау (ТЕХНОНИКОЛЬ АЛЬФАБЭНД 60 біржақты акрил таспасы)
ТН-ФАСАД Экспресс жұқа қабатты сылақ қасбеті
ТН-ФАСАД Экспресс жұқа қабатты сылақ қасбеті

ТН-ФАСАД Экспресс жүйесі аз қабатты коттедж құрылысы сегментіндегі ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерін жылу оқшаулауға арналған. Биіктік бойынша шектеу – 10 метрге дейін.

ТН-ФАСАД Экспресс жұқа қабатты сылақ қасбеті

ТН-ФАСАД Экспресс

  1. Тұтас негіз
  2. Желімді қабат (ТЕХНОНИКОЛЬ 500 PROFESSIONAL әмбебап желім-көбігі)
  3. ТЕХНОФАС КОТТЕДЖ тас мақтадан жасалған тақталары
  4. Бекіту элементі
  5. Негізгі сылақ қабат (Сылақ-желім қоспасы)
  6. Негізгі сылақ қабат (Арқаулағыш тор)
  7. Негізгі сылақ қабат (Астар)
  8. Қорғаныс және сәндік жабын (Сәндік сылағы)
  9. Қорғаныс және сәндік жабын (Қасбеттік бояуы)
Открыть Арақабырғалар Закрыть Арақабырғалар
Арақабырғалар
3 шешім
ТН-СТЕНА Акустик БЛОК тас мақтадан жасалған тақталарын қолдана отырып қабырғалардың/аралық қалқалардың ішкі дыбыстан оқшаулауына арналған үш қабаттық қабатты қалау жүйесі
ТН-СТЕНА Акустик БЛОК тас мақтадан жасалған тақталарын қолдана отырып қабырғалардың/аралық қалқалардың ішкі дыбыстан оқшаулауына арналған үш қабаттық қабатты қалау жүйесі

Ішкі қабырғалардың, пәтер аралық қалқалардың және қосымша дыбыс оқшаулауды талап ететін басқа да конструкциялардың дыбысын оқшаулау бойынша талаптарды қамтамасыз ету үшін қолданылады.

ТН-СТЕНА Акустик БЛОК тас мақтадан жасалған тақталарын қолдана отырып қабырғалардың/аралық қалқалардың ішкі дыбыстан оқшаулауына арналған үш қабаттық қабатты қалау жүйесі

ТН-СТЕНА Акустик БЛОК

  1. Дара материалдардан жасалған конструкция (Тілше-ойықты тақталар / блоктар)
  2. ТЕХНОАКУСТИК тас мақтадан жасалған тақталары
  3. Желімді қабат
  4. Таза әрлеу
  5. Тығыздағыш таспа (блоктарға арналған перфорациясы бар полимер таспа)
  6. Тегістегіш қабат
ТН⁠-⁠СТЕНА Акустик Стандарт тас мақтадан жасалған тақталары қолданылатын қабырғаларды/аралық қалқаларды ішкі дыбыстан оқшаулау қаңқалы жүйесі
ТН⁠-⁠СТЕНА Акустик Стандарт тас мақтадан жасалған тақталары қолданылатын қабырғаларды/аралық қалқаларды ішкі дыбыстан оқшаулау қаңқалы жүйесі

Тас мақтадан жасалған тақталар қолданылатын қабырғаларды/аралық қалқаларды ішкі дыбыстан оқшаулау жүйесі ішкі қабырғалардың, пәтер аралық қалқалардың және қосымша дыбыс оқшаулауды талап ететін өзге де конструкциялардың дыбысты оқшаулау қасиеттерін жақсарту үшін қолданылады.

ТН⁠-⁠СТЕНА Акустик Стандарт тас мақтадан жасалған тақталары қолданылатын қабырғаларды/аралық қалқаларды ішкі дыбыстан оқшаулау қаңқалы жүйесі

ТН-СТЕНА Акустик Стандарт

  1. Оқшаланатын қабырға
  2. ТЕХНОАКУСТИК тас мақтадан жасалған тақталары
  3. Тығыздағыш таспа 
  4. Болат қаңқа (Бағыттауыш профиль)
  5. Болат қаңқа (Тіреуіш профиль)
  6. Қаптама (Ішкі қабат ГТП/ГТҚП)
  7. Қаптама (Сыртқы қабат ГКП)
  8. Таза әрлеу
  9. Тігістерді бекіту (ТЕХНОНИКОЛЬ әмбебап бейтарап ақ силикон герметигі)
ТН-СТЕНА Акустик Каркас ішкі аралық қалқалары
ТН-СТЕНА Акустик Каркас ішкі аралық қалқалары

Тас мақтадан жасалған тақталар қолданылатын ішкі дыбыс оқшаулағыш аралық қалқалар жүйесі құрғақ, қалыпты немесе ылғал режимдері бар әртүрлі мақсаттағы үй-жайлардың ішкі қоршау конструкцияларында қолданылады.

ТН-СТЕНА Акустик Каркас ішкі аралық қалқалары

ТН-СТЕНА Акустик Каркас

  1. ТЕХНОАКУСТИК тас мақтадан жасалған тақталары
  2. Тығыздағыш таспа 
  3. Болат қаңқа (Бағыттауыш профиль)
  4. Болат қаңқа (Тіреуіш профиль)
  5. Қаптама (Ішкі қабат ГТП/ГТҚП)
  6. Қаптама (Сыртқы қабат ГКП)       
  7. Таза әрлеу
  8. Тігістерді бекіту (ТЕХНОНИКОЛЬ әмбебап бейтарап ақ силикон герметигі)
Открыть Жабын Закрыть Жабын
Жабын
2 шешім
Тас мақтамен жылытылған және ТН-ЛЮКСАРД Мансарда композитті жабынқыштан жасалған жабыны бар мансарда
Тас мақтамен жылытылған және ТН-ЛЮКСАРД Мансарда композитті жабынқыштан жасалған жабыны бар мансарда

Еңіс шатыр жаппасының жылытылған шатыр астының / мансарда үй-жайының классикалық конструкциясы. Аз қабатты тұрғын ғимараттарда шатырларды құру кезінде сәтті қолданылады.

Тас мақтамен жылытылған және ТН-ЛЮКСАРД Мансарда композитті жабынқыштан жасалған жабыны бар мансарда

ТН-ЛЮКСАРД Мансарда

  1. Жабын (ТЕХНОНИКОЛЬ LUXARD Classic композиттік қабатты жабынқышы)
  2. Торлама (367 мм қадаммен 50х50 мм ағаш білеу)
  3. қарсы торлама (ағаш білеулер)/li>
  4. Герметиктеуші элемент (ТЕХНОНИКОЛЬ АЛЬФАБЭНД 60 біржақты акрил таспасы)
  5. Герметиктеуші элемент (ТЕХНОНИКОЛЬ АЛЬФА КОНТРБРУС өзі жабысатын тығыздауыш таспасы)
  6. Желден, судан қорғаны (ТЕХНОНИКОЛЬ АЛЬФА ТОП үлдірі)
  7. ТЕХНОЛАЙТ ЭКСТРА / ТЕХНОЛАЙТ ОПТИМА / РОКЛАЙТ тас мақтадан жасалған тақталары
  8. Көтергіш негіз (Итарқа арқалық)
  9. Ішкі әрлеме торламасы
  10. Бу оқшаулағыш қабат (ТЕХНОНИКОЛЬ МАСТЕР БАРЬЕР 4.0 үлдірі)
  11. Ішкі қаптауыш (Табақ материалдардан жасалған тігінді (ГҚТ / БЖТ-3 / оймыш тақтай)
Тас мақтамен жылытылған және иілгіш жабынқыштан жасалған жабыны бар мансарда ТН-ШИНГЛАС Мансарда
Тас мақтамен жылытылған және иілгіш жабынқыштан жасалған жабыны бар мансарда ТН-ШИНГЛАС Мансарда

Мансарда Жылытылған, еңісті төбелі шатыр асты / мансардалы үй-жайдың классикалық құрылмасы. Шағын қабатты тұрғын үйлерде шатырларды жайғастыру үшін сәтті қолданылады.

Тас мақтамен жылытылған және иілгіш жабынқыштан жасалған жабыны бар мансарда ТН-ШИНГЛАС Мансарда

ТН-ШИНГЛАС Мансарда

  1. Жабын (ТЕХНОНИКОЛЬ SHINGLAS көп қабатты жабынқышы)
  2. Қорғаныс қабаты (ANDEREP NEXT FIX)
  3. Тұтас төсем (Ағаш төсем (OСП-3, ФФФ)
  4. Сиретілген торлама (Профильденген және дәл өлшемделген тақта 25х95 мм)
  5. Қарсы торлама (Профильденген ағаш білеу 50x50 мм)
  6. Герметикалық  элемент (ТЕХНОНИКОЛЬ АЛЬФА КОНТРБРУС өзі жабысатын тығыздауыш таспасы)
  7. Герметикалық  элемент (ТЕХНОНИКОЛЬ екі жақты акрил таспасы)
  8. Желден, судан қорғау (ТЕХНОНИКОЛЬ АЛЬФА ТОП үлдірі)
  9. РОКЛАЙТ тас мақтадан жасалған тақталары
  10. Көтергіш негіз (Профильденген және дәл өлшемделген тақта)
  11. Қосымша оқшаулауға арналған торлама (Профильденген ағаш білеу 50x50 мм)
  12. Буоқшаулағыш қабат (ТЕХНОНИКОЛЬ МАСТЕР БАРЬЕР 4.0 үлдірі)
  13. Ішкі қаптама (Гипсокартон парағы (ГКП) |Евро оймыш тақтай | АРМОхолст 80 гр/м²) 
Открыть Едендер Закрыть Едендер
Едендер
4 шешім
ТН-ПОЛ Акустик Проф «қалқымалы» едені
ТН-ПОЛ Акустик Проф «қалқымалы» едені

Қалқымалы еден конструкциясында тас мақтадан жасалған тақталар қолдана отырып қабат аралық жабындардың дыбысын оқшаулау жүйесі тұрғын, қоғамдық және әкімшілік ғимараттар мен құрылыстардың т/б жабындарының ауадан және соққыдан таралатын шуылдарын азайтуға арналған.

ТН-ПОЛ Акустик Проф «қалқымалы» едені

ТН-ПОЛ Акустик Проф

  1. Еденнің соңғы қабаты (төсеніші бар паркет / ламинат)
  2. Тұтастырғы (Арқауланған цемент-құм тұтастырғы)
  3. Тұтастырғы (Құрама тұтастырғы (ЦЖТ / ГТТ / OSB)
  4. Желімді қабат (ТЕХНОНИКОЛЬ 508 PROFESSIONAL желімі)
  5. Буоқшаулағыш (ТЕХНОНИКОЛЬ МАСТЕР БАРЬЕР 1.0 үлдірі)
  6. ТЕХНОФЛОР СТАНДАРТ тас мақтадан жасалған тақталары
  7. Тұтастырғы (Тегістегіш тұтастырғы)
  8. Негізі (Темірбетон негізі)
ТН-ПЕРЕКРЫТИЕ Каркас Чердак суық шатыр асты жүйесі
ТН-ПЕРЕКРЫТИЕ Каркас Чердак суық шатыр асты жүйесі

Суық шатыр астындағы аражабынды ағаш арқалақтар арқылы оқшаулау жүйесі. Еңісті шатыр астындағы суық шатыр еденін оқшаулау жүйесі, түрлі мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарда қолданылады.

ТН-ПЕРЕКРЫТИЕ Каркас Чердак суық шатыр асты жүйесі

ТН-ПЕРЕКРЫТИЕ Каркас Чердак

  1. Бірінші торлама (Тақтай)
  2. Желден, судан қорғау (ТЕХНОНИКОЛЬ АЛЬФА ТОП үлдірі)
  3. Торлама (50х50 мм ағаш білеу)
  4. РОКЛАЙТ тас мақтадан жасалған тақталары
  5. Көтергіш конструкция (Ағаш арқалықтар)
  6. Буоқшаулағыш (ТЕХНОНИКОЛЬ МАСТЕР БАРЬЕР 4.0 үлдірі)
  7. Торлама (Тақтай)
  8. Ішкі қаптама (ГҚТ, ГТТ, OSB немесе ЦЖТ табақ материалдардан жасалған астар)
ТН-ПЕРЕКРЫТИЕ Каркас ағаш арқалықтар бойынша жабынның жылуын, дыбысын оқшаулау жүйесі
ТН-ПЕРЕКРЫТИЕ Каркас ағаш арқалықтар бойынша жабынның жылуын, дыбысын оқшаулау жүйесі

Аз қабатты үйлер құрылысында техникалық еден астының үстіндегі арқалықты жабынның жылуын, дыбысын оқшаулау барысында қолданылады.

ТН-ПЕРЕКРЫТИЕ Каркас ағаш арқалықтар бойынша жабынның жылуын, дыбысын оқшаулау жүйесі

ТН-ПЕРЕКРЫТИЕ Каркас

  1. Қорғаныш сәндік жабын (көбіктелген материалдан жасалған астары бар паркет тақтай / ламинат)
  2. Тұтас төсем (ЦЖТ немесе OSB)
  3. Тұтас төсем (Бірінші еден (фанера, тақтайлар)
  4. Герметикалықі элемент (Техноэласт АКУСТИК СУПЕР)
  5. Буоқшаулағыш (ТЕХНОНИКОЛЬ МАСТЕР БАРЬЕР 4.0 үлдірі)
  6. Желімді қабаты (ТЕХНОНИКОЛЬ 508 PROFESSIONAL желімі)
  7. ТЕХНОАКУСТИК тас мақтадан жасалған тақталары
  8. Көтергіш конструкция (Ағаш арқалықтар)
  9. Супердиффузиялық үлдір (ТЕХНОНИКОЛЬ АЛЬФА ТОП үлдірі)
  10. Торлама
ТН-ПЕРЕКРЫТИЕ Каркас Акустик Проф тас мақтадан жасалған тақталары қолданылатын ағаш арқалықты жабынның жылуын, дыбысын оқшаулау жүйесі
ТН-ПЕРЕКРЫТИЕ Каркас Акустик Проф тас мақтадан жасалған тақталары қолданылатын ағаш арқалықты жабынның жылуын, дыбысын оқшаулау жүйесі

Арқалықты жабынның жылуын, дыбысын оқшаулау барысында қолданылады.

ТН-ПЕРЕКРЫТИЕ Каркас Акустик Проф тас мақтадан жасалған тақталары қолданылатын ағаш арқалықты жабынның жылуын, дыбысын оқшаулау жүйесі

ТН-ПЕРЕКРЫТИЕ Каркас Акустик Проф

  1. Еденнің соңғы қабаты (Паркет тақтай немесе ламинат астармен)
  2. Тұтастырғы (Құрама тұтастырғы (ЦЖТ, ГТТ немесе OSB))
  3. ТЕХНОФЛОР СТАНДАРТ тас мақтадан жасалған тақталары   
  4. Алдын ала еден қабаты  (Фанера, тақтайлар, ЦЖТ, ДСП, ОSB)  
  5. Алдын ала еден қабаты  (Еден тақтасы, С және D сұрыптары)
  6. Бөлгіш қабат (Техноэласт АКУСТИК СУПЕР А350)
  7. Желімді қабаты (ТЕХНОНИКОЛЬ 508 PROFESSIONAL желімі)
  8. Торлама (Профильденген және дәл өлшемделген тақта 25х95 мм)
  9. Ағаш алқалары(Профильденген және дәл өлшемделген тақта)
  10. ТЕХНОАКУСТИК тас мақтадан жасалған тақталары
  11. Супердиффузиялық үлдір (ТЕХНОНИКОЛЬ АЛЬФА ВЕНТ 130 үлдірі)
  12. Торлама (Профильденген және дәл өлшемделген тақта 25х95 мм)
  13. Тығыздағыш қабат (Альфа Акустик)   
  14. Қаптама (Ішкі қабат ГТП/ГТҚП)
  15. Қаптама (Сыртқы қабат ГКП)
Открыть Төбе Закрыть Төбе
Төбе
1 шешім
ТН-ПОТОЛОК Акустик Каркас аспалы төбесі
ТН-ПОТОЛОК Акустик Каркас аспалы төбесі

Тас мақтадан жасалған тақталар қолданылатын қабат аралық жабындардың дыбысын оқшаулау жүйесі қабат аралық жабын арқылы өтетін ауадан және соққыдан таралатын шуыл деңгейін төмендету үшін қолданылады.

ТН-ПОТОЛОК Акустик Каркас аспалы төбесі

ТН-ПОТОЛОК Акустик Каркас

  1. Негіз (Темірбетон негізі)
  2. Асқыш (Тік асқыш/дірілден қорғайтын аспа)
  3. Болат қаңқа (Төбелік профиль)
  4. Профильдерді қосқыш
  5. ТЕХНОАКУСТИК тас мақтадан жасалған тақталары                    
  6. Қаптама (Ішкі қабат ГТП/ГТҚП)
  7. Қаптама (Сыртқы қабат ГКП)    
  8. Таза әрлеу
  9. Тігістерді бекіту (ТЕХНОНИКОЛЬ әмбебап бейтарап ақ силикон герметигі)
Открыть Ішкі конструкциялар Закрыть Ішкі конструкциялар
Ішкі конструкциялар
1 шешім
ТН-СТЕНА Балкон балкондардың, лоджиялардың қабырғаларын жылыту
ТН-СТЕНА Балкон балкондардың, лоджиялардың қабырғаларын жылыту

Балкондар мен лоджияларды ұтымды жабдықтау пәтерді абаттандыруда маңызды рөл атқарады. Әйнектеліп, жылу оқшауланған жағдайда, бұл қосымша шаршы метрлер жылу шығынын едәуір азайтуға, сыртқы шудың және шаңның енуін төмендетуге мүмкіндік береді.

ТН-СТЕНА Балкон балкондардың, лоджиялардың қабырғаларын жылыту

ТН-СТЕНА Балкон

  1. Темірбетон негізі (Оқшауланатын балкон тақтасы)
  2. Бөлгіш қабат (Техноэласт АКУСТИК СУПЕР)
  3. Ағаш еденарқалықтар
  4. РОКЛАЙТ тас мақтадан жасалған тақталары
  5. Буоқшаулағыш (ТЕХНОНИКОЛЬ МАСТЕР БАРЬЕР 4.0 үлдірі)
  6. Құрама тұтастырғы (ЦЖТ, ГТТ немесе OSB)
  7. Торлама (600 мм қадаммен ағаш білеу)
  8. Еденнің соңғы жабынының астына төселетін астар (Тығынды немесе көбіктелген материал)
  9. Үй-жайдың таза әрлеуі
  10. Еденнің соңғы жабыны (Паркет тақтай немесе ламинат)
Открыть Монша Закрыть Монша
Монша
1 шешім
ТН-СТЕНА Баня бу бөлмесін жылыту
ТН-СТЕНА Баня бу бөлмесін жылыту

Моншаның (бу бөлмесінің) қабырғалары мен төбесін тас мақта тақталарымен жылуоқшаулау жүйесі. Жүйе монша мен сауна құрылысы кезінде бу бөлмесін жылуоқшаулауға арналған.

ТН-СТЕНА Баня бу бөлмесін жылыту

ТН-СТЕНА Баня

  1. Тұтас негіз (Білеутан, кірпіштен, блоктардан, темірбетоннан жасалған қабырға)
  2. Торлама (Білеуден жасалған қаңқа)   
  3. Торлама (Білеуден жасалған қаңқа)
  4. РОКЛАЙТ тас мақтадан жасалған тақталары
  5. Буоқшаулағыш қабат (ТЕХНОНИКОЛЬ АЛЬФА БАРЬЕР БАНЯ үлдірі)
  6. Өзі жабысатын таспа ( LOGICPIR® алюминий таспасы)
  7. Желдету саңылауына арналған білеу (Контртақтайша)
  8. Үй-жайдың таза әрлеуі (Евро оймыш тақтай)
ТЕХНОНИКОЛЬ корпорациясы туралы

ТЕХНОНИКОЛЬ компаниясы 30 жылдан аса жоғары сапалы материалдар өндірумен және ең озық технологияларды қолдана отырып ғимараттар мен құрылыстар тұрғызудың кешенді жүйелерін әзірлеумен айналысып келеді.

Корпорация құрамына бүгінде Ресейде және әлемнің 8 елінде орналасқан 68 өндіріс алаңдары, сондай-ақ 20 меншікті оқыту орталықтары және құрылыс саласына арналған жаңа өнімдер мен шешімдерді әзірлеу және сынау жұмыстары жүргізілетін 6 ғылыми орталық кіреді.

Арнайы жабдықтармен жасақталған зертханаларда сапасын бақылау және пайдаланушылық сипаттамаларын жақсарту мақсатында материалдарға сынақтар жүргізіледі.

Әлемнің 18 елінде 22 ТЕХНОНИКОЛЬ өкілдігі ашылған және нәтижелі жұмыс істеп жатыр. ТЕХНОНИКОЛЬ өнімдері 118 мемлекетке жеткізіледі.

Өндірістік компания құрылыс саласын жайлы тұрғын үйлер мен өнеркәсіптік объектілер тұрғызуға көмектесетін заманауи, экологиялық таза, қауіпсіз және тиімді өнімдермен қамтамасыз етуді өз міндеті деп біледі.

ТЕХНОНИКОЛЬ компаниясы шығаратын барлық өнімдер халықаралық санитарлық және экологиялық нормаларға сай келеді, адам денсаулығы мен табиғатқа қауіпсіз, міндетті де, ерікті де сертификаттаудың толық циклынан өткен, Ресейде және шетелде қолдануға рұқсат етілген.

Экспортталатын материалдардың қажетті үлгідегі сертификаттары бар.